Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Аударма / «Кішкентай ханзада» қазақ оқырманына жол тартты

«Кішкентай ханзада» қазақ оқырманына жол тартты

«Кішкентай ханзада» қазақ оқырманына жол тартты

Бүгін, яғни қазанның 3-күні Алматыда «Атамұра» корпорациясы мен Француз Альянсы бірлікте француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюперидің балаларға арналған «Кішкентай ханзада» кітабының тұсаукесерін өткізді.

Естеріңізде болса аталған кітап «Кішкентай Шахзада» атымен 1967 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан. Оны қазақтың белгілі жазушысы Тәкен Әлімқұлов аударған-ды. Аталған шараға қатысқан жазушы Кәдірбек Сегізбаев: «Бұл кітап философиялық образдарға толы, ол балаларға ғана емес, үлкен оқырманға да оқуға лайықты туынды. Оны Тәкен Әлімқұлов орыс тілінен аударған, ал бүгінгі нұсқасы тіке француз тілінен, түпнұсқадан аударылып отыр, сол себепті, оқырманға автордың ойы мен кейіпкерлер тіпті де жақындай түскен» деген пікір айтты.

Оразақын Асқар, ақын, «Балауса» баспасының директоры

- Қазақ ежелден-ақ бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген халық. Жақында балаларға арналған бүкіл әлем ертегілерінің 50 томдығы әзірленуде. Алды шығып та кетті. Мінеки, бүгінгі шара да сол қатарды толықтырған оқиға ретінде бағалауға болады. Бұл кітаптың ерекшелігі, ол – түпнұсқадан тіке аударылған.

Ақынның өзге пікірін бейнекөріністен көріңіз:

«Кішкентай ханзада»(«Le Petit Prince») кітабы алғаш рет 1946 жылы Нью-Йоркте басылып шығып, бүгінгі күнге дейін 265 тілге аударылған, сатылым мөлшері 145 миллион данаға дейін жеткен. Биыл кітаптың 70 жылдығы әлемнің әр түкпірінде тойлануда. Кітапты қазақ тіліне Қазақстан-Франция елшілігінің аудармашысы, француз тілінің маманы Жанар Қонаева аударған.

Аудармашы Жанар Қонаева

«Атамұра» баспасынан сапалы шыққан кітаптың суреттерін автордың өзі салған. Аталған шараға жалғас ҚР Ұлттық кітапханасы төрінде балалар суреттерінің байқауы өтті.

Айта кетерлік тағы бір жәйт, 2013 жыл Францияның Қазақстандағы Мәдениет жылы ретінде аталып өтілуде. Осы ауқымды шараның бір тармағы ретінде өтіп жатқан бүгінгі кітаптың тұсаукесеріне Алматыдағы Францияның бас консулы Патрик Ренар, «Атамұра» корпорациясының президенті Рахымғали Құл-Мұхаммед, ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры Гүлиса Балабекова, Алматы Француз Альянсының директоры Паскаль Виторж және кітапты тәржімалаған Ж. Қонаевалар қатысты.

Арнайы Массагет үшін: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: Баспасөз мәслихатында түсірілді

6844 0
Рейтинг: +6

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 03 қазан 2013, 17:29
Пікірлер
+0
03 қазан 2013, 17:36

Менің сүйіп оқитын кітабым) қайта оқыған сайын басқа әсер аламын.

+0
03 қазан 2013, 17:38

Ерекше дизайн, версткамен шыққан сияқты. Осындай аудармалар мен презентациялар көп болса екен!

+0
04 қазан 2013, 15:40

Жақсы жаңалық!..

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев