Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Аударма / Оскар Уайльд. Жас ұрпаққа өсиет

Оскар Уайльд. Жас ұрпаққа өсиет

Оскар Уайльд. Жас ұрпаққа өсиет

Ағылшын классигінің қым-қиғаш ойлары мен сана сәуегейлігі оқырманды еш уақытта бей-жай қалдырмаған. Бүгін, міне, оңтайлы тұста Оскар Уайльдтың тамаша өсиеттерін аудару реті келіп тұр.

* * *

Қылмыс еш уақытта өрескел болмайды, бірақ, өрескелдік – әрқашан қылмыс. 

Қаусаған жандар бәріне сенеді. Егде тартқандар бәрін сезінеді. Жастар барлығын біледі. 

Тәрбие көрген адамдар үнемі өзгенің ойына қарсы шыға береді. Ойлылар - өз-өздеріне қарсы шығады. 

Дене сұлулығы тек қана денемен ашылады. 

Зеріккендік - салмақтылықтың кәмелетке жетуі.

Жаны таяз адам ғана өз-өзін таниды. 

Аздаған табиғилық - бірінші борыш. Екіншісі - әлі оған ешкімнің миы жете қойған жоқ.

Кесірлік һәм ессіздік - өнегелі адамдар ойлап тапқан аңыз желісі. Өзгелердің біртүрлі тартымды болуын айғақтайтын өнегелілердің ой топшылаулары. 

Егер барлық кедейдің түрі әдемі болғанда, кедейлік проблемасын шешу жеңіл болар ма еді.

Жан мен тән арасында айырмашылықты көрген кісі, жан мен тәннің біріне де иелік етпейді. 

Астарында шындық бары дәлелденген күні сол ілім (дін айтылады) өледі. 

Ғылым – өлі ілімдердің шежіресі. 

Ақиқаттылықта өткен нәрсе (біздің басымыздан), шындап алғанда, ақиқатсыз. 

Болмашы істердің барлығында шынайылық емес, стиль маңызды. 

Егер шындықты айтар болсаң, - бәрібір де, ерте ме кеш пе, ұсталасың. 

Адамды бақыт секілді қартайтар бірде-бір күш жоқ: лаззат алу - өмір сүруге татитын жалғыз ғана нәрсе. 

Уақыт - ақша жоғалту. 

Үнемі аз-аздап адам сенгісіз болып тұрған дұрыс. 

Барлық қайырымды істе бір қатер жатады: олар үнемі ерте қабылданады. 

Шала асығыс болу - кемел болумен бірдей. 

Жақсылық пен зұлымдық түсінігі басқа түсініктің бәрінен ада жанға ғана белгілі. 

Атаққұмарлық - сәтсіздіктің соңғы бас күнелтер баспанасы. Егер ақиқаттылыққа сендіру бір адамға көбейіп кетер болса, онда ақиқат ақиқат болудан қалмақ.

Тарихта дәуірлер өз анахронизмімен өмір сүруді жалғастырмақ. 

Бойкүйездік - кемелдіктің бастың шарты. Кемелдіктің мақсаты - жастық. 

Тек ұлы стиль шебері ғана оқылуға қиын. 

Өз-өзіңді сүю - бүкіл өміріңе созылатын романның алғашқы бастауы.

Аударған: Фараби Арыстанбек

сурет:obozrevatel.com 

2043 6
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 04 қыркүйек 2013, 23:31
Пікірлер
+0
05 қыркүйек 2013, 08:26

Жаны таяз адам ғана өз-өзін таниды.

+0
05 қыркүйек 2013, 09:00

Рас, тек ұлы стильде жазатын адам ғана оқуға қиын келеді.

+0
10 қыркүйек 2013, 02:52

"Аздаған табиғилық - бірінші борыш. Екіншісі - әлі оған ешкімнің миы жете қойған жоқ." біздегі (әдебиеттегі) табиғилықтан титтей де тамтық қалмаған "иттерге" арналған сөз екен!

+0
03 мамыр 2014, 22:42

Зеріккендік - салмақтылықтың кәмелетке жетуі. :o

+0
03 мамыр 2014, 22:44

"Аздаған табиғилық - бірінші борыш. Екіншісі - әлі оған ешкімнің миы жете қойған жоқ."Бұл - шындық.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...