"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IІI том, "Қоршауда"

Massaget.kz порталы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясының қысқаша мазмұнына doodle анимациялы видеосаммари дайындады. Видеожоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.

Назарыңызға IІІ томдағы "Қоршауда" тарауын ұсынамыз.

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. I том, "Қайтқанда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. І том, "Қат-қабатта"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. І том, "Жолда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. І том, "Шытырманда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. І том, "Бел-белесте"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. I том, "Өрде"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. I том, "Қияда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. ІI том, Тайғақта

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. ІI том,  "Жайлауда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. ІI том, "Еңісте"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Оқапта"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Асуда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Тарауда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Биікте"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Эпилог"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IІI том, "Абай аға"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IІI том, "Кек жолында"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IІI том, "Қарашығын"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IІI том, "Өкініште"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IІI том, "Қақтығыста"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IІI том, "Қоршауда"

Қоршауда

Оспанның асы берілісімен, оның мал-мүлкі ағайыны арасында бөліске түсетін болды. Бұл істің тезірек басталуына Әзімбай мүдделі. Ол әкесі Тәкежан мен ағасы Ысқақтың қимыл етуіне түрткі болу үшін, шешесі Қаражан мен жеңгесі Мәнікені қайрай түскен. Мақсаты — Оспаннан қалған бар дүниені Тәкежанға алып беріп, сол арқылы өз мүлкін де көбейту еді. 

Оспанның үш жесірі Еркежан, Зейнеп, Торымбала бар. Тәкежан, Абай, Ысқақ үш әмеңгер дөп келіп тұр. Бірақ бәйбішенің мал-мүлкі көп. Сондықтан негізгі талас Еркежанға түсетінін Әзімбай сезіп, Мәніке жеңгесімен әңгіме үстінде: «Біздің әке момын кісі ғой, жеңеше. Шешемнен асып, Еркежандай тоқалды ала қояр ма екен. Өйткені Еркежан жас, өзі нақсүйер болып үйренген әйел», – деп Оспан бәйбішесін Ысқаққа бар мал-мүлкімен қиғандай болған. Бірақ бұл сөздің бәрі Еркежаннан Мәнікені қашырту еді. Өзінен туған еркек бала жоқ, басы мосқал тартпаған Мәніке, Ысқаққа сұлу тоқал алдырып, ер қызығынан қалғысы қайдан келсін. Сондықтан ол Қаражанды қажай отырып, Тәкежанға Еркежанды теліп берді. «Жол Ахкемдікі» деді. Қаражан қызғанып, қанша жыласа да, сонша мал-мүліктен айырылғысы келмеген. Бұл тұста да Әзімбай атқан оқ мүлт кетпеді.

Оспан малын бөліске салу туралы сөзді Абайға жеткізу Шұбар мен Ерболға тапсырылды. Абай хабарды салқын қабылдап, Шұбардың ойын сұраған. «Жылдығы өтті. Сөз басталды. Енді созбақтап не керек», - дегенде Абай: «Екеуі солай шешсе, мен шырық бұзбаймын. Бастасын сөздерін. Тек ендігі көзбе-көз отырып сөйлесейік», - деп қысқа қайырды. Одан кейін Шұбар Ерболдан бөлініп, Павлов пен Абайдың жас достары отырған отауға кірді. Мұнда жастар бір-біріне өздерінің жаңа жырларын таныстырып отыр екен. Кезек Дәрменге келгенде, ол көздері жалын атып, жырын оқи жөнелді.

Оның бір шумақтарында:

"Мен көрдім қатал күннің Қабан биін,

Ашамын ауыр сырды сақта жиын!" – деген сөздер кездесетін. Әбіш жырды Павловқа түсіндіріп, жастар ұйып тыңдағанда, Шұбардың ғана қабағы қатулы еді.

- Мынау өнер емес, у ғой! «Қабан би» деген бір тайпа елдің қастерлеген әруағы. «Қыбла орыста» деп осы ауыл қайда барады? – дегеніне Әбіш байыпты:

- Сіз орыстан үркіткіңіз келеді. Ал өзіңіз сол орыс патшадан болыстық алып, қызығын көрдіңіз. Сіз озбыр орысқа қызмет еттіңіз. Біз қазақ сахарасына жарық сәуле әкелетін орыспен доспыз. Дәрмен де, менің әкем де осындай дұрыс жолда. Сіз адасты деген осы ауыл бар қазақтың құбыласы болады», – деп жауап қатты. Шұбар шиыршық атып, шыға жөнелді.

Осы күні түстен кейін Оспан ауылына бар туыс жиналды. Абай бүкіл үкімді Тәкежанға берді. Бірақ, сөзді ертерек бітіру керегін айтты. Өйткені бір жұмада Абай Қарамолаға жауапқа жүреді.

Осы күні кешке дейін Оспанның бар дүниесі, үш әйелі отырған қыстау, мал-мүлкі түгенделді. Тәкежан үлкен сыбағаны алатынын айтқанда, Абай қарсы болмады. Бірақ өзі әзірге үлес алмайтынын, өз малы өзіне жететінін мәлім етті. Осы тұс Әзімбай килігіп, әкесіне ақыл салып: «Жесірлер жөні шешілмесе, бергісінің бәрі айла-шарғы ғана. Ертеңгі жиында Еркежанды алатыныңызды баса айтыңыз», - деді. Өйткені мал-мүлік жесірлер арқылы үлесетіні қазақ заңы. Сәйкесінше мол байлық бәйбіше Еркежанның қолында.

Жесірлер сөзінде де Абай бәріне көнді. Тәкежанның Еркежанды алам дегеніне де қабақ шытпады.

Бар сөз келісілгенде жас Шәке сөзге араласып: «Әйелдердің сыртынан бұйрық шығармай, өздерінен сұрайық», - деп еді.  Бұл сөзді Абай қостап, Ербол мен Шұбар үш жесірмен сөйлесуге кетті. Бірінші ең жасы – Торымбала алдыңғы екі әйелдің алдына түспеймін деп басын ала қашты. Ең ауыры Оспанның екінші әйелі Зейнеп болар ма деп еді. Бірақ Шұбардың көп сөзінен кейін ол сөздің тоқетерін айтты: «Ата жолын бұзбаймын. Тағы айтарым, әмеңгер таңдайтын емеспін. Үш әмеңгер де жас жағынан құралпы. Сөзім осы», - деп өрлікпен шешімін айтты. Мұнда қиын түскен бәйбіше – Еркежан еді. Ол: «Байсырап отқам жоқ. Кенже әруағы алдында сертім бар», - деп сөзге көнбеді. Сөз соңын «енді келмеумен» бұйырып аяқтады.

Жесірлер жауабы жеткенде жиын аңтарылып қалды. Тәкежан Абайдан кімді алуға бейіл екенін сұрағанда, ол: «Алам деген сөз айтқам жоқ», - деп қысқа қайырды. Тәкежанның: «Алғаш жесір алған сен бе едің?» - дегенін: «Алғаш алмайтын менмін» - деп тиып тастады. «Әйел жылап отырып та көнеді» деген Ысқақ сөзіне Смағұл: «Қара шаңырақ иесі болып қалған Еркежанға олай зорлық жасауға болмайды», - деп жауап қатты. Осы түн Тәкежан мен Ысқақ ауылында көп әңгіме болды. Бүрсігүні Абай жауапқа жүреді. Ертең соңғы күн. Енді Тәкежан мен Ысқақ Абайдың турашылдығынан жасқанып, алыстан сөйлесуді ұйғарды. Екі жақ арасында тағы да Ербол мен Шұбар жүретін болды.

Осы уақытта Әзімбай Оразбайдың баласы Дүйсенге кететінін айтты. Шұбардың ел сөзі аяқталсын дегеніне де қарамады. Ербол бұл оқиғаны Абайға бүкпесіз жеткізді. Бұл қылық Абайға қыр көрсету еді. Үстіңнен арыз жазған Оразбай жағына шығамыз деген сөз болатын. Осыны ұғып отырған Абай Шұбарға жалт қарап, ағайынның сәлем сөзін сұрады. Екі түрлі талап қойылыпты: «Абай Еркежанмен өзі сөйлесіп, Тәкежанға тиюге көндірсін. Болмаса, Еркежанды еріксіз тигізуге көнсін». Бұл екі жолға да Абай көнбейтінін айтты.

Сөз осылай тұйыққа тірелген тұста Тәкежан тобы: «Егер Еркежан көнбесе, бауырына салған Абайдың немерелері Әубәкір мен Пәкизатты Ақылбайға қайтарсын. Онсыз бұл үйдің малы әулетке ортақ деген өтірік», - деген тым ауыр сөзге барды. Абай мұншалық ауыр сөз күтпеп еді. Тіпті ол Әубәкір мен Пәкизатты өз немерем деп те ойламайтын. Жаны түршігіп, сөзді Еркежанның өзіне аударды. «Бұл маған жасалған қысастық болды. Мал-мүліктің қажеті жоқ. Осы ауылдың шетінен күрке тігіп алып, балаларыммен болам» деп Еркежан сөзінен аумапты. Соңғы шешімде Еркежан үйіне Ысқақ баласы Кәкітай киімшең бала болып кірді. Оның мал-мүлкіне бас-көз болатын болды. Қарамолаға жүрер алдында Абай жас достарымен әңгіме үстінде: «Тәкежан Оразбайға сөз қосады. Бұл дау артымда емес, алдымнан тағы шығады», - деді.

Абай Қарамолаға Дәрмен, Мағаш, Көкбай, Баймағамбет, Ерболды ғана ертті. Әбіштің ергенін қаламады. Бірақ осы істе өзіне айтпай, әкесіне үлкен жақсылықты осы Әбіш жасап еді. Ол хабар жетер, Абай шарапатын көрген жұрттың бәріне ақтау қағазын жаздырып, қолдарын қойдырды. Былтырғы «қарашығыннан» аман қалғандар, жатақтар, тіпті жатаққа көрсетілген озбырлықты көрген орыс крестияндары да қол қойып берді. Осы қағаздың бәрі де Қарамолаға жіберілді. Жүрер алдында Абай Павловпен оңаша сөйлесіп, Семей Губернаторы туралы сұрап алды. Досының айтуынша ол өжет адам. Өзінен қорқып, жалпақтағанды ұнатпайды. Нық, әрі тура сөйлеген адаммен ғана сөйлеседі екен. Соңыра Павлов: «Қазақ даласында өзіңіздей азамат барын сездіріңіз. Ызамен сездіріңіз. Бұл тұтас сахара намысы болсын», - деп шығарып салған.

Кешкілік Қарамолаға жеткен Абайлар Айтқазы тіктірген үйге түсті. Ал бұл топтан бір күн кеш шықса да, бір күн ерте жеткен Оразбай үй-жайы, сойыс-сауын малдарын дайындап қойған еді. Оның қазір ұпайы түгел. Абайға қарсы приговор жинатты. Тәкежанды қасына алды. Онымен қоймай Жиренше, Абыралы, Молдабай, Байғұлақ секілді тобықты жуандарын қонақ етіп, Абай жайлы сөз бастады: «Қазақ Ыбырайды «әділ» деуін қоя ма? Тәкежан мен Ысқақты Оспан мұрасына жолатпай отыр. Әділдігі осы ма?» деп бастаған сөзінен-ақ жұрт мұны қостап ала жөнелді. Бұл сөздер Оразбай үшін үлкен жеңіс еді. Тобықтының бар жуанын өзіне байлап, Оразбай Қарамолаға келе ту бие сойғызып, өзге де Найман, Керей секілді елдердің жуандарын жиып, Абайға қарсы көп іс айтты. Оны сараң, дүниеқоңыз етіп көрсетіп, бұл сөздеріне Құнанбайға ас берілмегенін дәлел етті. Жұрт оны қостап, бала әкеден артық тумайды десті. Сөз тоқетері Абай осы жолы арыздан құтылмайтын болып тоқтады.

Бұрын осындай жиында Абайға көп жұрт сәлем бере келетін. Өйткені төбе би бола ма, күніміз түсе ме деп ойлайтын. Бұл жиында ондай сәлемдесулер болған жоқ. Келесі күн үш-төрт дуанның болыстары намазға сапқа тұрғандай тізіліп ұлықты күтті. Абай бүгін Лосовскиймен жолыққан. Ол ат тонын ала қашты. Соған қарағанда жағдайы тым ауыр. Оның үстіне Лосовскийдің бұрын таныс емес адамша тым суық тартқаны Абайға ұнамап еді.

Ұлық келе барлық болыс-билермен амандасып келе жатты. Қазақ болыстарының ешбірі «Здәрәсти, тақсыр!» дегеннен ары аса алмаған. Ол Абайдың «Здравствуйте, Ваше превосходидельство» дегеніне дейін ешкімге тоқтамады. Абай: «Ибрагим Кунанбаев», - деп өзін таныстырды.

Ұлық: «Кунанбаев? Аа, ел бүлдіргіш Кунанбаев? Менімен жүріңіз», - деп өз кеңсесіне алып кетті. Абай алысуға дайын адамдай, тіпті ажарланып алған. Тұтас Абайға қарсы тұзақ құрған болыс-билер аң-таң. Олар кеңсе сыртынан аңдып, ұлықтың Абай екеуіне шай алдырғанына да куә болды. Дәрмен мен Баймағамбет те бүкіл болысқа естірте: «Осы жолы төбе би Абай болады деген хабар расқа шығады», - деп олардың тіпті мысын баса түсті.

Оңаша қалған ұлық Абайға: «Сізді ең алыс каторгаға айдатар дәлелім бар. Сіз неге біз қойған әкімдермен араздасып жүрсіз?» деп ақырды. Абай сахарадағы бүкіл қылмыстарды санамалап шықты. Бәріне де кінәлі болыс-билер екенін айтты. Бұл сөзге ашу шақырған ұлыққа: «Менің бұл сөздерімді даланың кез-келген қарапайым қазағы дәлелдей алады», - деп сөзін тәмәмдады. Осы сәт есіктен Базаралы мен Савельев кіріп келді. Базаралы тымағын қолына алып, ұлыққа жақындады да: «Қырғыз степ слапой, тақсыр, - деп көзін басты. Токмо один глаз ес, он – Құнанбаев! Қырғыз степ глухой, тақсыр, - деп құлағын жапты. Токмо, один ух ес. Он – Құнанбаев. Он не бондит, - деді. «Қаспадан күбірнатр нобай шалабек! Наш пригоуар много... Много степ послал... Много степ просит...» - деп сөзін аяқтады.

Ертесі күні жандарал бүкіл істі Лосовскийге тапсырып, өзі жүріп кетті. Абайға жауықса да, істер амалы болмай, оның абыройын жұртқа көрсете кетті. Осылай Абайдан бар айып алынып, ол осы кеңестегі халықтан сайланатын билердің бірі болып сайланды.

Абайдың би болғанына Қарамола жәрмеңкесіндегі қара қазақтың бәрі қуанды. Жиылып, ортасына Абайды алдырды. Ол жиынға келе Базаралыға қарап: «Базеке, шыңыраудан алып шықтың ғой», - деп шын ықыласын білдірді.

Абайдың би болғанын естіп, Оразбаймен бірге тұзақ құрысқан көп болыс күні түсерін біліп сәлемдесе келген. Абай: «Қазақ деген халықтың соры қалың ғой. Сол сорының бірі – өзін билеп отырған өңшең зоры емес пе? Мансап биік жартас болғанда, оған қыран да, жылан да шығады. Мәселе сен қайсысың?» - деп суық түйіліп отырып қалды. Оның сөзін болыстың бәрі түсінді. Абайдың бұларды сыйлар ойы да жоқ еді. Баймағамбетті ертіп сыртқа шығып кеткен. Кейіннен оның артынан: «Сәлем бере барған болыстарды айыптап сөйлепті», - деген сөз тарады. Осы істерден соң Оразбай ішінен бүгін болмаса да Абайдың бір жығыларын түйді.

Қыс басында Абай ауылының соғымы үстінен бір топ қонақ келіп түсті. Ақылбай бастаған бұл топты Абай: «Биыл сойыс кезіңде біздің үйде жаңа жазғандарыңмен жиналыңдар», - деп өзі шақырған екен. Қызық сауық, көңілді өнер алып келген жастар соңынан Базаралы мен Көкбай да жетті. Осы кеште оқылған өлеңдерден Абай көңіліне ұнағаны болмады. «Батырды, қыз қызықты, асың ынтықты тауыпсыңдар! Жазарсың... Жаз. Бірақ бұл аз! Әрі сендердікі істің емес, тәтті түстің сөзі», -деп сынын ашық айтты. Тың өлең оқымаған Дәрмен ғана болатын. Көздері ұшқын атып: «Менде бір жыр бар еді», - деп көтеріле түсіп, оқи кетті. Бұл Иіс кемпірдің баласы Иса туралы, оның  артында қалған Асан-Үсен екі жетімегінің зары жырланған жыр болатын. Үй ішінің бәрі тегіс көзіне жас алып тыңдап, сөз аяқталғанда Абай: «Мынау Некрасов үні ғой», - деген шын ықыласын танытты.

Осы сәт Абай ойға шомды. Ел аңызында қыран құс қыста жұмыртқалайтынын ойлады. Оның жұмыртқаларының көбі аязға шыдамай жарылып, тек біреуі ғана қалады, тіпті кейде бәрі жарылып кетеді. Осы сәт Абай өзі мен халқын сол ана қырандай сезінген еді. Сезінбеске қайтсін? Мұның да айналасында жарылып жатқан жұмыртқалар аз ба? Біреуі – Шұбар, бірі – Көкбай... Бірақ біреуі, бірі қалу керек қой... Енді сол біреу осы Дәрмен болар деп шұбалған ойын түйіндеп Абай іштей жас ақынның тілеуін тілеп отырып қалды.