"Алтын қалам" Моңғолиядан келген Макинара Хайримге бұйырды

Алматыда ҚР Ұлттық кітапханасында "Алтын қалам 2020" әдеби жүлдесінің қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар белгілі болды. Биыл бұл шара Бауыржан Оспанов жетекшілік ететін "ZHERSU" инвестициялық-өндірістік корпорациясының қолдауымен ұйымдастырылды. 

Байқауға биыл Қазақстан, Ресей, Украина, АҚШ, Израиль, Беларусь, Моңғолиядан, Орталық Африка Республикасынан 408 автор қатысты. 15 наурыздан 15 қыркүйекке дейін қабылданған 600-ге жуық шығарма байқаудың akalam.kz сайтында жарияланып, оқырмандар мен қазылардың сынынан өтті.

"Алтын қалам" әдеби жүлдесінің жеңімпаздарын марапаттау шарасы биыл алғаш рет жабық есік форматында ұйымдастырылып, салтанатты жиынға тек жеңімпаздар мен жоба серіктестері және БАҚ өкілдері шақырылды. 19-шы қазанда жарияланған байқаудың қысқа тізіміне әр жанр бойынша жеті шығармадан енгізілген еді. Қазылар шешімімен солардың ішіндегі ең үздік бір шығарма марапатталды.

Жеңімпаздар тізімі:

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПОЭЗИЯСЫ
"Сен ғана". Макинара Хайрим. Астана.

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПРОЗАСЫ
"Өлім гүлі немесе қытай түрмесінен қашқан қазақ қызының күнделігі". Ертай Айғалиұлы. Алматы

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК САТИРАСЫ
"Түпән талып қалды" - Алпысбай Хонж. Павлодар.

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КИНОСЦЕНАРИЙІ ЖӘНЕ ДРАМАТУРГИЯСЫ
"Әкім келе жатыр". Қундық Түменбай. Алматы

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ФАНТАСТИКАСЫ ЖӘНЕ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАСЫ
"Өмірзая. Қайтпас оқиғасы". Сайлау Төлеуов. Семей

"ДАРАБОЗ" БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҮЗДІК ШЫҒАРМА
"Телқасқа". Алпысбай Хонж. Павлодар.

"ҮЗДІК ҚАЗАҚ РОМАНЫ"
"Қарақуыс" романы. Заман Төлеуов. Алматы

ЛУЧШАЯ ПОЭЗИЯ ГОДА
"Нет любви". Сейтжан Жанар. Астана.

ЛУЧШАЯ ПРОЗА ГОДА
"Украденный подвиг". Смагулова Зайни. Акмолинская область.

ЛУЧШАЯ ДЕТСКАЯ И ПОДРОСТКОВАЯ ЛИТЕРАТУРА ГОДА «ДАРАБОЗ»
"Карантинные человечки". Ксения Земскова и Елена Клепикова. Алматы.

 ЛУЧШАЯ САТИРА ГОДА НА ПРИЗ ИМЕНИ ЕСЕНЖОЛА ДОМБАЙ
"Триллеротопия". Ақиқат Рас. Алматы

 ЛУЧШАЯ ФАНТАСТИКА И ДЕТЕКТИВ ГОДА
"Свет". Люльчак Светлана. Алматы.

ЛУЧШИЙ КИНОСЦЕНАРИЙ И ДРАМАТУРГИЯ ГОДА
"В шаге от самого себя"». Сарсембаев Мансур. Астана.

"ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕ ҚОСҚАН ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕГІ ҮШІН"
Төлен Әбдік марапатталды

Бауыржан Оспанов тағайындаған Есенқұл Маманов атындағы бас жүлде – 1 миллион теңгені алматылық Заман Төлеуов жеңіп алды. Жазушының "Қарақуыс" романы "Үздік қазақ романы" аталымы бойынша үздік деп танылды. Тағы бір басты сыйлық – 1 000 000 теңгені балалар шығармашылығына арналған "Дарабоз" байқауында өзгеден оза шапқан павлодарлық қаламгер Алпысбай Хонж иеленді.

Кенже Жұманұлы, "Алтын қалам" әдеби жүлдесі ұйымдастыру комитетінің директоры: Пандемия салдарынан еліміздегі және әлемдегі жағдай көз алдымызда әп сәтте өзгеріп шыға келді. Қауіпті індетке байланысты туындаған күрделі жағдайға қарамастан «Алтын қалам» жүлдесі табысталғанына қуаныштымын. Биылғы бәйгеде бақ сынағандар қатары былтырғыдан өскен және олардың арасында танымал авторлар, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардан жүлде алған кәсіби деңгейі жоғары қаламгерлер көп болды. Бір атап өтерлігі, биыл akalam.kz сайтына кіріп, байқауға ұсынылған шығармалармен танысып, пікір білдіргендер қарасы көп. Кейінгі төрт күнде 1 миллионнан аса адам конкурстың ресми сайтын ашып оқыған", - деп ой бөлісті.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі қазақтың тұрмысына лайық тұлпар қандай?
Бүгінгі қазақтың тұрмысына лайық тұлпар қандай?
Әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш қазақ
Әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш қазақ
Қашықтан жұмыс істеудің денсаулыққа зияны
Қашықтан жұмыс істеудің денсаулыққа зияны
Баланың ішкі мотивациясын қалай оятуға болады?
Баланың ішкі мотивациясын қалай оятуға болады?
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Қапада"
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Қапада"
Ақын Әділет Ахметұлының "Жұмжұма сұлтан" атты кітабы жарыққа шықты
Ақын Әділет Ахметұлының "Жұмжұма сұлтан" атты кітабы жарыққа шықты