"Жүрегімнің түбіне терең бойла..." атты республикалық Абай мүшәйрасы өтеді

Биыл қазақтың ұлы ақыны, қа­зақ жазба әдебиетінің негізін қалау­шы, философ, композитор Абай Құ­нан­­байұлының 175 жылдық мерейтойы. Жақында ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай жә­не XXI ғасырдағы Қазақстан» атты ма­қаласында: "Абайды қалай дәріптесек те жарасады. Оның ғибратты ғұмыры мен шынайы шығармашылығы – қазақ халқына ғана емес, жаһан жұртына да үлгі-өнеге. Абайдың адам мен қоғам, білім мен ғылым, дін мен дәстүр, табиғат пен қоршаған орта, мемлекет пен билік, тіл мен қарым-қатынас туралы айтқан ой-тұжы­рымдары ғасырлар өтсе де ма­ңызын жоғалтпайды. Өйткені ақын­ның мұрасы – бүкіл адамзат ба­ла­сының рухани азығы", деген болатын.

Абай – адамзат руханият көгінде жарқыраған ерекше жарық жұлдыз. Абайдың өшпес жырлары мен ға­жайып әндері, Абайдың ілімі, Абай­дың ақылы, Абайдың кемелдігі, Абайдың кісілігі, Абайдың «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген бірлікшілдігі, Абайдың адамзаттық ойлары, Абайдың гума­низімі осының барлығы ұлы ойшылдан қалған асыл мұралар. Біз оның қадіріне жетіп, мәңгілік әспеттей біліуіміз керек.

Ұлы ақынның 175 жылдық мерей­тойына орай Нұр-Сұлтан қа­ла­сы әкімдігінің қолдауымен Сәкен Сейфуллин музейі дәстүрлі Респуб­ликалық ақындар мүшәй­расын жариялайды. Мүшәйра тақырыбы – "Жүрегімнің түбіне терең бойла...". Еліміздің арқалы ақындарын аламан жыр бәйгесіне қатысып, өз бақтарын сынауға ша­қырады.

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы,

– деп асыл жырдың қасиетін бір ауыз сөзбен түйіндеген Хәкім Абайға айтар алғыс, арналар жыр ешқашан толастамайтыны анық.

 Тақырыпқа шектеу жоқ. Ұлы Абай­дың сегіз қырлы, бір сырлы да­налығы мен данышпандығын бү­гінгі Тәуелсіз елдің мұратымен ұш­тастыра жырлау ақындардың өз шабытына байланысты.

Ендеше жүйріктерді жыр мәре­сінде күтеміз!

Бас жүлде – 2 250 000 теңге
Бірінші орын – 1 150 000 теңге
Екі екінші орын – 650 000 теңге
Үш үшінші орын – 550 000 теңге
Бес ынталандыру сыйлығы – 150 000 теңге.

Мүшәйраға еш жерде жарық көрмеген толғаулар, топтама өлеңдер 2020 жылдың маусым айының 1-не дейін қабылданады.

Мүшәйра қорытындысы Елорда күні қарсаңында жарияланады. Үміт­керлер шығармасын компьютерде теріп, төмендегі мекен-жайға жіберуі керек немесе электрон поштамен astanakalamger@mail.ru мекен-жайына жол­дауға болады. Автордың аты-жөні, мекен-жайы, байланыс телефоны, электронды поштасы (бар болса) міндетті түрде көрсетілуі керек.

Индекс: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, М.Әуезов көшесі 20/А үй, Сәкен Сейфуллин музейі. Тел. 8 (7172) 32-84-67, 53-34-03. Жүл­де­гер­лердің келіп-кету шығынын ұйым­дас­тырушы тарап мойнына алмайды.

Ұйымдастыру алқасы