"Әнді сүйсең, менше сүй" - Берік Айтжанов Абайдың өлеңін оқыды

Танымал актер Берік Айтжанов ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың "Әнді сүйсең, менше сүй" атты өлеңін оқыды, деп хабарлайды Тengrinews.kz. Актер "Бірге оқимыз" әдеби жобасына қатысты.

Көркем өлең оқу әрі хобби, әрі жұмысым дейді Берік Айтжанов. Сол себепті актер қазақ және әлем әдебиетін көп оқиды. Берік Айтжанов  Абайдың 175 жылдығына орай "Әнді сүйсең, менше сүй" өлеңін таңдаған. 

"Бұл өлеңді көркем оқудың танымалдылығын арттыру үшін ғана емес, Абайдың мерейтойын атап өту үшін арнайы таңдадым. Өз басым есте сақтау қабілетін жақсарту мен ой-өрісімді дамыту үшін тұрақты түрде кітап оқимын. Оның үстіне кинодағы образдарымды толықтай түсіну үшін әдеби шығармаларды көп оқуға тура келеді. Өйткені әр түрлі рөлдерді сомдаймын. Мысалы, "Аманат" фильмінде Бекмахановтың (Ермұхан Бекмаханұлы - ғалым, тарихшы) рөлін сомдадым. "Томирис" фильмінде де тарихи образ болды. Мұның бәрі ойдан шығарылған образдар емес, олар тарихи тұлғалар", - деп пікірімен бөлісті Берік Айтжанов.

Жастар кітапты аз оқиды, бұл қазіргі уақыттың проблемасы деп санайды Берік Айтжанов. "Қазір оқудан басқа қызықтар көп. Балалардың ойлауы әр түрлі. Кітап - білім қазынасы, әлем айасы. Сол үшін де міндетті түрде оқу қажет. Бұл есте сақтауды, қиялды дамыта түседі. Қиялың кеңейген сайын фильмдегі образдарды оңай ашасың. Қандай фильм болмасын, адамның қиялы шексіз. Кітап оқыған сәтте кез келген нәрсені елестете аласың", - дейді Берік Айтжанов.

Айта кетейік, Alash Media Group холдингі мен ERG компаниясы бірлесіп "Бірге оқимыз" атты жаңа арнайы жобасын бастаған еді. Бұл жоба аясында түрлі туындыларды оқуға дайын эстрада, кино және телевизия жұлдыздарының қатысуымен теле- және радиобағдарламалар шығады. "Бірге оқимыз" жобасының негізгі мақсаты - қазақстандықтардың жас буыны арасында кітап оқуды насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға қызығушылықты арттыру. "Бірге оқимыз" арнайы жобасы ERG компаниясының қолдауымен өткізіліп жатыр.

Бұған дейін жобаға актриса және тележүргізуші Айсұлу Әзімбаева мен актриса Бибігүл Ақтан қатысқан болатын

 
Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тарихтағы "біртүрлі" өнертабыстар
Тарихтағы "біртүрлі" өнертабыстар
Жер шарының құны қанша?
Жер шарының құны қанша?
Смартфон неге қызып кетеді?
Смартфон неге қызып кетеді?
Зерттеу: Кептірілген жеміс қыста да пайдалы
Зерттеу: Кептірілген жеміс қыста да пайдалы
Kaspi.kz Қазақстандағы ұлттық табиғи парктердің дамуына үлес қосады
Kaspi.kz Қазақстандағы ұлттық табиғи парктердің дамуына үлес қосады
Тіс тазалағанда кездесетін қателіктер
Тіс тазалағанда кездесетін қателіктер