Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Аяқталмаған туындылар: З. Қабдолов – Менің Әуезовім, Махамбет романдары

Аяқталмаған туындылар: З. Қабдолов – Менің Әуезовім, Махамбет романдары

Аяқталмаған туындылар: З. Қабдолов – Менің Әуезовім, Махамбет романдары

Жазушының көп жылдар бойында іштей дайындалып, ойына алған, осы мақсатта деректер жинастырып, жүрек түкпірінде сақтап жүрген, жанына жақын тақырыбынің бірі қазақтың алдаспан ақыны Махамбет бейнесін сомдау болатын.

“Менің Әуезовім” роман-эссесінен кейінгі күрделі туындысы – Махамбет бейнесіне қалам тартқан қаламгер бұл романын толық аяқтап үлгермеді. Оу бастан Махамбет тағдыр кешкен тұтас дәуірді толықтай қамтып, сол кезеңнің тарихи шындығы мен тарихи тұлғаларды қатар ала отырып, бүгінгі заман биігінен ой толғағысы келген қаламгердің аяқ алысы, қалам сілтесі бірден сезіледі.

Махамбет романы туралы профессор Қансейіт Әбдезұлы: “Ой ауқымын кеңге салған, суреткерлік, көркемдік жинақтаудың эпикалық биігіне қол артқан автордың суреттеулерінен болашақ туындының терең тынысы, көп қырлы бол­мысы бірден көзге түседі.

Бұл туындының алғашқы тараулары З.Қабдоловтың өзі дүниеден өткеннен кейін жарық көрген бес томдық таңдамалы шығар­маларының бесінші бөлімінде “Мұз үстінде от жаққан” атты тақырыппен жарық көрді. Болашақ романның алғашқы беттеріндегі оқиғалардан-ақ оқырманға терең әсер тастайтын “Арыстан еді-ау Исатай, “Қаһарман ақынның тағдыры мен тағылымы”, “Айбын мен айдын,” “Ақын өлімі” (роман эскиздері) деп аталатын атаулар бір-бірімен іштей сабақтасып, тұтас дүниенің енді көтеріле бастаған қабырғаларын көзге елестетеді.

Махамбеттің жантәсілім етер сәттегі Ұлы өкініші. Ұлы арманы. Осының барлығын жазушы ақ қағазға түсіріп үлгермеді. Тағдырдың жазуы” дейді. 

Менің Әуезовім” роман-эссесі де тұлға және заман та­қырыбын тереңнен тартып бейнелеген, тарихи шындықты үл­кен ауқымда көркемдік тұрғыдан жинақтап бере алған бірегей туынды ретінде оқырман жүрегіне жол тапты. Мемлекеттік сый­лыққа ие болған бұл роман да З. Қабдоловтың көркем прозадағы көп жылғы шығармашылық ізденістерінің бір белесі ретінде әдебиет тарихында қалды.

      

“Ұзақ толғаныстан, ұлы те­біреністен туған “Менің Әуезовім” ро­ман-эссесінің бірінші кітабы жа­рық көрді. Жұрт жапатармағай жылы қабылдады. Мейірлі шығарманың мәртебесі шарықтап, мемлекеттік сый­лықпен марапатталды. Қайта тү­леген қаламгер бойын демдеп, бір да­мылдап алған соң, оның екінші кіта­бына кірісіп кетті. Өкінішке қарай, бізге “Мұхаңның, Мұх­­тар Әуезовтің міні”, яғни мақа­ла­ның басында меңзегеніміздей, “тәңі­рі­нің есебінен түгенделетін әлдебір ке­місі” туралы білу бұйырмапты. Өйт­кені, роман-эссе тап осы тұста, нақ осы сөйлеммен тоқтап қалған… Ендеше, Әуезовтің өз аузымен ай­тылу­ға тиіс болған “Мұхаңның міні” – мәңгіліктің мұңы. Ол – АҒА ДОС, ІНІ ДОСҚА айналған ұстаз бен шәкірттің өздерімен ала кеткен құпиясы. Сондықтан, бәлкім, “Менің Әуе­зо­вім”-нің екінші кітабы осы бір “ақы­рына дейін айтылмағандығымен” (орысша – “недосказанность”) құнды да қызықты шығар…”, - дейді филология ғылымының докторы Амантай Шәріп. 

Иә, жазушы Зейнолла Қабдолов 78 жасында осы екі романын аяқтауға үлгермей о дүниеге аттанып кетті. 

0
Рейтинг: +0

Фото: bilimland.kz
Қосылған күні: 19 қыркүйек, 14:22

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.