Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының 90 жылдығы және қазақтың айтулы ақыны және жазушы Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығын атап өтеді. Мерекелік шара 14 қыркүйекке жоспарланған.
Салтанатты шараның шымылдығын Сәкен Сейфуллин ескерткішінің қасында театрландырылған көрініс ашады. Мереке Атасу кентінен үш шақырым қашықтықта, Қарауыл төбе деген жерде жалғасады. Мерекеге ұлттық ойындар, қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт бағдармалары енгізілген.
Шараны ұйымдастырушылар мереке ерекше есте қалуы үшін Гиннестің рекордтар кітабына енбекші. Ол үшін ауданда 10 мың литр қымыз дайындалады. Ерлер мен әйелдер ұлттық киімде “Жаңаарка вальсін” орындайды және бір мезгілде 1000 бөшкеде 10 мың литр қымыз дайындалады. Қымыз дайындаушылардың жетістігін тіркеу үшін Англиядан арнайы сарапшылар келеді.
Шара барысында “Бауырсақ” және “Палау” фестивальдері барысында тегін дәмнен ауыз тиюге болады. Сондай-ақ, Сәкен Сейфуллиннің “Жыр Сұңқары” атты мәнерлеп оқу байқауының жеңімпаздары марапатталады.