Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Сәкен Сейфуллиннің мерейтойына 10 мың литр қымыз дайындалады

Сәкен Сейфуллиннің мерейтойына 10 мың литр қымыз дайындалады

Сәкен Сейфуллиннің мерейтойына 10 мың литр қымыз дайындалады

Қарағанды облысы  Жаңаарқа ауданының 90 жылдығы және қазақтың айтулы ақыны және жазушы Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығын атап өтеді. Мерекелік шара 14 қыркүйекке жоспарланған. 

Салтанатты шараның шымылдығын Сәкен Сейфуллин ескерткішінің қасында театрландырылған көрініс ашады. Мереке Атасу кентінен үш шақырым қашықтықта, Қарауыл төбе деген жерде жалғасады. Мерекеге ұлттық ойындар, қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт бағдармалары енгізілген. 

Шараны ұйымдастырушылар мереке ерекше есте қалуы үшін Гиннестің рекордтар кітабына енбекші. Ол үшін ауданда 10 мың литр қымыз дайындалады. Ерлер мен әйелдер ұлттық киімде “Жаңаарка вальсін” орындайды және бір мезгілде 1000 бөшкеде 10 мың литр қымыз дайындалады. Қымыз дайындаушылардың жетістігін тіркеу үшін Англиядан арнайы сарапшылар келеді. 

Шара барысында “Бауырсақ” және “Палау” фестивальдері барысында тегін дәмнен ауыз тиюге болады. Сондай-ақ, Сәкен Сейфуллиннің “Жыр Сұңқары” атты мәнерлеп оқу байқауының жеңімпаздары марапатталады.

0
Рейтинг: +0

Фото: horde.me
Қосылған күні: 10 қыркүйек, 14:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.