Студенттерге "Жас қаламгер" атты балаларға арналған әңгіме байқауы жарияланды

Студенттерге "Жас қаламгер" атты балаларға арналған әңгіме байқауы жарияланды

"Астана кітап" баспасы студенттерге "Жас қаламгер" атты балаларға арналған тұңғыш әңгіме байқауын жариялады. Байқау 15 қаңтар мен 20 ақпан аралығында өтеді. Мақсаты – жас жазушылардың шығармашылығын шыңдап, балалар әдебиетінің дамуына үлес қосу.

Шарттары:

– әңгіме сайысына тек студенттер ғана қатыса алады;
– қатысушылар мына сілтеме бойынша тіркелуі тиіс: tiny.cc/zhasqalamger
– сайыс 3 бөлімнен тұрады, демек 3 әңгіме жіберу керек;
– барлық 3 әңгімені бір файлға (docx форматта, Times New Roman, 14) жинақтап, kazybekshukirbekuly@gmail.com электронды поштасына жіберу керек;
– жолданған әңгімелерді "Астана кітап" баспасы автордың аты-жөнін сақтай отырып, өңдеуден өткізіп, қолдану құқығына ие болады.

Бөлімдер ережесі:

І бөлім

– әңгіме көлемі: 300-500 сөз;
– әңгімеде тек жай сөйлемдер ғана қолданылуы тиіс (біріңғай мүшелерді қолдануға болады);
– 1-3 сынып оқушыларының деңгейіне сәйкес жазылуы керек.

ІІ бөлім

– әңгіме көлемі: 800-1500 сөз;
– әңгіме жай сөйлемдер мен салалас құрмалас сөйлемдер арқылы жазылуы тиіс (сабақтас құрмалас сөйлем мен аралас құрмалас сөйлем қолдануға болмайды);
– әңгіме 4-5 сынып оқушыларының деңгейіне сәйкес жазылуы керек.

ІІІ бөлім

– әңгіме көлемі: 2000-2300 сөз;
– әңгімеде жай сөйлемдерді, салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолдануға болады;
– әңгіме 6-7 сынып оқушыларының деңгейіне сәйкес жазылуы керек.

Шығармалар тек мына тақырыптар бойынша жазылуы тиіс: өзім туралы, мектеп, отбасы, достық, қоршаған әлем, саяхат, салт-дәстүр, ауыз әдебиеті, тағам, денсаулық, туған жер, табиғат, құндылықтар, уақыт, өнер, атақты тұлғалар, демалыс, мерекелер, мәдениет, мамандықтар, ғарыш әлемі, болашаққа саяхат.

Талаптар толық орындалмаған жағдайда, қатысушы сайыстан шығарылады.

Сайысқа қатысқан студенттер арасынан үздік жас қаламгерлер іріктеліп, жүлделі орындарға ие болмақ.

І орын - біреу
ІІ орын - біреу
ІІІ орын - біреу

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен ақшалай марапатқа ие болады және "Астана кітап" баспасының қазақ тілі бөліміне жұмысқа шақырылады.

Massaget.kz