Бүгін – Шыңғыс Айтматовтың туған күні

Бүгін – Шыңғыс Айтматовтың туған күні

Бүгін – "адамзаттың Айтматовы" атанған қырғыз жазушысы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері және Лениндік сыйлықтың лауреаты Шыңғыс Айтматовтың туған күні.

Шыңғыс қазақпен шекаралас өңірде туғандықтан шығармаларындағы кейіпкерлер қазақ жанына жақын болды. Сонымен бірге жазушының бүкіл шығармашылығы мен өмірі бастан-аяқ қазақ халқымен тығыз байланысты. Сонау "Жәмиладан" бастап, әлемге танымал "Қош бол, Гүлсары", "Ақ кеме", "Ғасырдан да ұзақ күн", "Жанпида" сияқты барлық шығармаларындағы көркем образдарының рухы мен мінезі қырғыздан гөрі қазаққа өте-мөте жақын еді.


Әкесі Төреқұлды Тұрар Рысқұлов қолынан жетектеп жүріп, Ташкентке оқуға түсірген екен. Кейін қырғыздың көрнекті қоғам қайраткері болған, 1938 жылы «халық жауы» ретінде атылып кеткен Төреқұл Айтматов Тұрар Рысқұловтың тікелей тәрбиесін көрген шәкірті болған.

Шығармалары...

"Әшім” атты тұңғыш әңгімесі 1952 жылы жарияланды. Онан кейін “Аспалы көпір” (1956), “Бетпе бет” (1957) тағы басқа әңгімелері жарық көрді. Жазушыны алғаш әлемге танытқан таңдаулы туындысы әйгілі “Жәмила” повесі (1958). Мұхтар Әуезов пен француз жазушысы, Луи Арагон осы шығарма арқылы Айтматов дарынын жоғары бағалап, жүрек жарды пікір айтқан. Жәмила бейнесі соны сымбатымен әрі жаңашыл, сезімтал, жігерлі қасиеттерімен, өз бақыты үшін күресе білген батылдығымен, тал бойы мінсіз сұлу нәзіктігімен оқырман қауымды баурап алды. Ол қырғыз әйелдерінің жаңа буынының өкілі ретінде қабылданды. Осыдан кейін-ақ Айтматов шығармашылығы ерекше құбылыс болып саналып, оның қаламынан туған әрбір туындысы әлемдегі мың-сан оқырман асыға күтіп, қолдан-қолға тигізбей оқитын құрметке ие болды. 

Жазушының шығармалары француз, неміс, жапон, араб, түрік, парсы тағы басқа дүниежүзінің көптеген тілдеріне аударылды. Шыңғыс Айтматов "Тау мен дала хикаясы" атты шығармалар жинағы үшін 1963 жылы Лениндік сыйлықты алды. "Қош бол, Гүлсары" (1967), "Ерте кеткен тырналар" (1975) повестері, "Боранды Бекет" романы (1980) үшін үш мәрте (1968, 1977, 1983) КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері болды. 

Жазушының 90 жылдығы...

Биыл жазушының 90 жылдығы аталып өтілді. Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы 2018 жылды “Айтматов жылы” деп жариялады. Қырғызстанда халықаралық форум ұйымдастырылды. Шыңғыс Айтматов атындағы монета шығарылды. Мәскеудегі саябағында мүсіні орнатылды. Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түрікменстан мен Түркия елдері түрлі іс-шара өткізді.

Елордада "Айтматов. Империяның соңғы жазушысы" атты кітаптың таныстырылымы, сондай-ақ, Ұлттық кітапханада "Айтматов тағылымы" атты халықаралық форум өтті. Заңғар жазушының мерейтойына арналған бұл жиынды ҚР Президенті Әкімшілігінің қолдауымен Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырды.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Магистратура-2020: Кешенді тестілеу қалай өтеді?
Магистратура-2020: Кешенді тестілеу қалай өтеді?
Қазақстанда медианың негізгі принциптері бекітілмек
Қазақстанда медианың негізгі принциптері бекітілмек
Тозақ оттары жымыңдайды: Кеселді дерт, ғапыл өлім мен түпсіз үрей
Тозақ оттары жымыңдайды: Кеселді дерт, ғапыл өлім мен түпсіз үрей
Дидар Амантай. Біреудің өмірі
Дидар Амантай. Біреудің өмірі
Кавасаки синдромы жайлы не білу керек?
Кавасаки синдромы жайлы не білу керек?