Букер марапатының финалистері анықталды

Букер марапатының финалистері анықталды
Фото: vk.com

Әдебиет саласындағы аса маңызды марапаттардың бірі саналатын Букер премиясы кезекті номинаттарын жарияланды.

Байқау шорт-листіне АҚШ-тан 6 автор және Канада мен Ұлыбритания жазушылары енген. Олардың қатарында Анна Бернс ("Сүт тасушы"), Дейзи Джонсон ("Су түбіндегінің барлығы"), Рэйчел Кушнер ("Марстың бөлмесі"), Ричард Пауэрс ("Соңғы оқиға"), Робин Робертсон ("Ұзын кадр") мен Эси Эдугян ("Қара Вашингтон") бар. 

27 жастағы Дейзи Джонсон Букер марапатына осы күнге дейін ұсынылып келген жазушылар ішінде ең жасы болып отыр. Букер жеңімпазы 16 қазан күні белгілі болады. Шорт-листке іліккеннің әрқайсысы £ 2500, ал жеңімпаз £ 50 000 ұтады.

Естеріңізге сала кетейік, Букер премиясы Британияда 1969 жылдан бері өткізіліп келеді. 

А. Оралқызы