Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Жазушылар одағы басшылығымен кездесті

Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Жазушылар одағы басшылығымен кездесті

Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Жазушылар одағы басшылығымен кездесті

25 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының Төрағасы Ұлықбек Есдәулет және басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Ақберен Елгезекпен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Жазушылар одағының бүгінгі жәй-күйі мен болашақ шағармашылық жобалары талқыланды.
 
Мемлекетіміз ұстанған бүгінгі рухани жаңғыру саясаты аясында қаламгерлер тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар мен Жазушылар одағының алдында тұрған үлкен мақсат-міндеттер жөнінде әңгіме өрбіді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Әбдірұлы Қазақстан Жазушылар одағының, сәйкесінше, қазақ қаламгерлері мен қазақ әдебиетінің болашағына үлкен сеніммен қарайтынына осылайша тағы да бір көз жеткіздік. Қазақстанның жазушылар одағы — еліміздің әдебиетші қауымын біріктіретін республикалық қоғамдық бірлестік формасындағы шығармашылық ұйым. 
 
Айта кетсек, 1925 жылдың 12 шілдесінде құрамына Сәкен Сейфуллин мен Бейімбет Майлин кірген Қазақстан пролетариат жазушыларының ассоциациясын (ҚазАПП) құру жөнінде бюро жасақталған болатын. Оның төрағасы болып Сәкен Сейфуллин сайланды.
 
1932 жылы Қазақстанның Кеңестік жазушылар одағы ұйымдастырылды. Оның алғашқы құрылтайы 1934 жылы 12-18 маусым аралығында өтіп, онда Қазақстан жазушылар одағының Төрағасы болып Ілияс Жансүгіров сайланған еді. Содан бері Одақтың басшылары болып келесі қаламгерлер сайланған: 

Ілияс Жансүгіров (1932-1935ж.ж), Ғаббас Тоғжанов (1935-1936 ж.ж), Сәбит Мұқанов (1936-1937, 1943-1951 ж.ж), Мұхамеджан Қаратаев (1937-1938 ж.ж), Дихан Әбілев (1938-1939 ж. ж), Әбділдә Тәжібаев (1939-1943 ж.ж), Ғабиден Мұстафин (1953-1956, 1962-1964 ж.ж), Ғабит Мүсірепов (1956-1962, 1964-1966 ж,ж), Әди Шәріпов (1966-1971 ж.ж), Әнуар Әлімжанов (1971-1979 ж.ж) , Жұбан Молдағалиев (1979-1983 ж.ж), Олжас Сүлейменов (1983-1991 ж.ж), Қалдарбек Найманбаев (1991-1996 ж.ж), Нұрлан Оразалин (1996-2018 жыл), Ұлықбек Есдәулет (2018 жылдан қазіргі күнге дейін). 
 
Бүгінгі таңда Қазақстан Жазушылар одағының 806 мүшесі бар. Оның 400-і Алматы қаласында, 186-сы Астана қаласында, қалғандары облыстарда тұрады. Қазақстан Жазушыларының ұлттық құрамы қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек, күрд, кәріс, шешен, белорус, татар, неміс қаламгерлерінен тұрады. Қазақстан Жазушылар одағының республикамыздың 14 облысында филиалдары жұмыс істейді. 
Қазақстан Жазушылар одағының жанында 17 жанрлық кеңес пен комиссиялары бар. 
 
Қазақстан Жазушылар одағының құрылтайшылығымен "Қазақ әдебиеті" газеті, "Жұлдыз", "Простор" журналдары жарық көреді.

0
Рейтинг: +1

Фото: Жазушылар Одағы
Қосылған күні: 26 шілде 2018, 12:39

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.