- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Дайындық болмады". Кәмшат...
"Дайындық болмады". Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі хиджабқа келуі туралы айтты
Актриса, әнші Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі Алтынай Жолдыбаева орамал тағуға қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы актриса өзінің Желідегі парақшасында жауап берген.
"Хиджабқа келгім келіп жүр, батылдық жетпей жүр ме әлде киіммен мәселе ме?"- деп сауал жолдаған оқырманына актриса.
"Ассаламу алейкум!
Мен орамалга келген күніме әдейі дайындық болмады, яғни гардероб жинау деген секілді.
Менің бұл шешімімнің өзіндік себептері бар, дегенмен де сол шешімге келгенімді нақты сезген сәтте, намазға тағатын орамалымды басыма тарттым, сол күннен бері Аллага шүкір шешу туралы ой да болмады. Ия, орамал тағу батыл шешім. Батылдықтан бұрын, ол сол орамалдың сіз үшін маңыздылығы мен құндылығы туралы ұғымыңыз. Егер сіз үшін арнайы гардеробтың алдын ала болуы маңызды болса, әрине соған амал етуге болады. Меніңше бәріміз кезінде бір түйір орамалдан бастадық. Бұл шешімнің шынайы екенін сезіну қажет, гардеробыңыз біртіндеп өзгереді", - деп жауап берді ол.
Айта кетейік, бұған дейін актрисаның әпкесі Кәмшат Жолдыбаеваның орамалға қатысты пікірін жазған болатынбыз. Ол туралы сілтемеге өтіп оқи аласыз.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы