Ерлерде болатын тестостерон гормоны әйелдерде де өңделеді. Әйелдердегі бұл гормонның өңделуінде жаңылыс болса, ол бала көтере алмауға немесе жүктілікпен қатысты проблемаға әкелуі мүмкін.
Тестостерон гормоны әйел ағзасында қалай пайда болады?
Тестостерон гормоны әйелдерде аналық без бен бүйрек үсті бездерімен бөлінеді. Бұл гормон әйелдерде ерлерге қарағанда 10 есе аз. Тестостеронның мөлшері қалыпты болса, әйел ағзасында "ерлер" жағына қарай өзгеріс болмайды.
Әйел ағзасындағы тестостерон гормоны аналық бездің, қаңқаның, сүйек майының дамуына көмектеседі. Бұлшықеттердің дамуына ықпал етеді, күш береді және қандағы холестерин деңгейін төмендетеді. Жүрек ауруларының дамуына мүмкіндік бермейді және либидоны көтереді. Жақсы метаболизм де тестостерон гормонымен байланысты, ол майлар мен көмірсулардың ішке немесе жамбасқа жиналуына жол бермейді. Тестостерон тұтынған тамақты бұлшықет массасына айналдырады.
Тестостерон мөлшерін бірінші кезекте генетика анықтайды. Әр әйелде бұл гормонның өз нормасы бар. Сондықтан да әйелдер бір-бірінен темпераментімен және эмоциясымен ерекшеленеді.
Тестостерон әйел ағзасында көп немесе аз болса, не болады?
Тестостерон көп болса, әйелдің даусы төмендеуі, агрессивті бола түсуі, денесінде түк көбейіп кетуі, терісі майлы болып кетуі, безеу шығып кетуі мүмкін. Тестостерон деңгейі көп болса, әйелдерде сүт бездері семіп қалуы мүмкін, онымен көбіне спортшы қыздар қиналады. Тестостеронның артық болуынан әйелдерде етеккір циклі тоқтап қалуы мүмкін. Бұл генекологиялық проблемаларға әкелуі мүмкін. Кейде жүктілікпен немесе бедеулікпен қатысты проблемалар орын алады.
Бірақ кейде әйелдерде бұл гормон қалыптыдан төмен болады. Бұл кезде жатыр миомасы, эндометриоз, остеопороз және сүт безі қатерлі ісігі дамуы мүмкін.
Егер өзіңізден осыларға ұқсас өзгерістер байқасаңыз, эндокринолог және гинеколог дәрігерге қаралу керек. Өздігінен емделу қауіпті. Дәрігер қажетті анализдерге жібереді. Тестостерон деңгейін азайтуға вегетариандық диета, йогамен және ішпен билеумен айналысу көмектеседі. Бірақ гормондарға аса мән беру керек, кейде оларды қалыпқа келтіру үшін жылдар бойы жұмыс істеу керек болады. Сондықтан уақытында дәрігерге қаралған дұрыс.