- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Дастарқаны жиналмайды". Теңіз...
"Дастарқаны жиналмайды". Теңіз жағасында тоқаш пісірген Айнұр Тұрсынбаева жұртты тәнті етті
Теңіз жағасында тоқаш пісірген Айнұр Тұрсынбаева жұртты тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақын әлеуметтік желідегі парақшасында тоқаш пісіріп жатқаны бейнеленген видео жариялап, тәттінің рецептін бөілскен.
"Жұмсақтығы мақтадай, ауызда еріп кететін бөлішке... Менің авторлық рецебім десең
Алдымен ашытқы дайындаймыз:
1 стақан жылы сүт;
5 қасық ұн;
1 ас қасық ашытқы;
1 ас қасық шекер;
1 жұмыртқа;
Кішкене ванилин;Ашытқы көтерілген соң қамыр илейміз:
1 стақан жылы сүт;
1 стақан жылы газдалған су;
Қасықтың ұшымен тұз;
4 қасық шекер;
4 қасық сұйық май;
Жұмсақ қамыр болғанша ұн саламыз...
Қамыр өте жүмсақ болу керек.. Қолға жабыспас үшін қолыңызды майлап алыңыз... Қамыр тез ашу үшін үстіне ыстық шәйнек қойсаңыз болады.Бөлішкенің арасынк сары май жағып, түйіп болған соң пештің табағына салып 20 минут көтерілгенше қоямыз.
Пеште 190-200 градуста 30 минуттай піседі..Тура осы қамырмен бауырсақ пісірсеңіз де тәтті, дәмді, жұп-жұмсақ болады", - деп жазған ол.
View this post on Instagram
Желі қолданушылары ақынның видеосына тәнті болып, түрлі пікір қалдырған.
"Берекелі адамның берекелі қолдары", "Дастарқаны жиналмайтын Айнұр апай", "Алла разы болсын, Айнұр ханым, сәттілік тілеймін, жаным сені Алла разылығы үшін жақсы көремін", "Керемет, Айнұр ханым. Кең пейілді, нәзік жанды, сізді жақсы көремін!", "Керемет, Айнұр ханымым", - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: 1 жасқа толмаған балаға не жеуге болмайды?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә