Дәруменнің де зияны бар: дәрігер ескерту жасады

Дәруменнің де зияны бар: дәрігер ескерту жасады
Фото: depositphotos.com

Іш ауырып, диарея басталса, көп адам бірден "уланып қалдым" деп ойлайды. Алайда гастроэнтеролог Кристин Лидің айтуынша, мұндай белгілердің себебі кейде мүлде басқа болуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Daily Mirror-ға сілтеме жасап. 

Дәрігердің сөзінше, кейбір дәрумендер мен тағамдық қоспалар асқазанның шырышты қабатын тітіркендіріп, жайсыздық тудыруы ықтимал. Әсіресе құрамында темір, С дәрумені және кальций бар препараттарды қабылдағанда абай болған жөн. Олар адамда асқазан-ішек жолы аурулары болмаса да, жүрек айну, іш өту және іштің ауыруына себеп болуы мүмкін.

Кристин Ли мұндай жағымсыз әсер көбіне дәрумендер аш қарынға ішілген кезде байқалатынын айтты. Оның сөзінше, дәрумендерді тамақпен бірге қабылдау ағзаға жақсы сіңуіне көмектесіп, асқазанның тітіркену қаупін азайтады.

Сондай-ақ, дәрігер дәрумендерді мөлшерден тыс ішпеуге және мүмкіндігінше пайдалы заттарды күнделікті тағамнан алуға кеңес берді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget