“Дариға Бадықованы тағы да жеңдік“. Танымал заңгер мәлімдеме жасады

“Дариға Бадықованы тағы да жеңдік“. Танымал заңгер мәлімдеме жасады
Фото: instagram.com/dariga_badykova/

Заңгер Инга Иманбай актриса Дариға Бадықованың талаптары сотта тағы да қанағаттандырылмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

"Дариға Бадықованы тағы да жеңдік. Журналист Нұрсейіт Жылқышыбайды қорғаған ісіміз бойынша Дариға Бадықованың аппеляциялық шағымы да қанағаттандырылмады. Яғни Алматы облыстық соты бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Инга Иманбай | Заңгер (@inga_imanbay)

Мән-жайы

Айта кетейік, 2025 жылы қазанда "Уақыт көрсетеді" YouTube арнасында актер Дархан Мұсаевтың сұхбаты жарияланды. Ол Дариға Бадықовамен неге ажырасқанын, 16 жылдық отбасылық өмірі туралы айтты.

Кейінірек актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады.

Сонымен қатар, актриса әрі продюсер Дариға Бадықова даулы сұхбаттан кейін бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтың үстінен арыз түсірді. 

Бұған дейін Инга Иманбай Дариға Бадықова сотта қандай талаптар қойғанын айтты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget