- Негізгі бет
- LifeStyle
- Дариға Бадықова: Былай...
Дариға Бадықова: Былай жүрмесем де көзге түсіп қала беремін...
Танымал актриса, продюсер, әнші Дариға Бадықова әлеуметтік желіде өзінің өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жаңа дәуірдің балалары болған соң олардың түсінігі бөлек. Маған "2 миллиард жинаған актрисасың ғой, ерніңді, көзіңді, қасыңды жасатпайсың ба?" деп жиі айтады. Енді бойжеткен қыз болғаннан кейін олардың өмір сүру әдісіне сыйластықпен қарау керек. Бірақ мен өзім қорқады екенмін өзгеруге. Мұрын жасатауға үш ай кетеді екен. "Актрисалардың ішіндегі былай жүретін адамсың ғой" дейді маған. Менің былай жүрмей-ақ көзге түсіп қала беретін әдетім бар. Сондықтан ойбай мен көрінуім керек деп тырыспаймын да, қысылмаймын да. Бір жерге баратын болсам да қораз құсап киінгім келмейді. Менде бәрі талғаммен", - деп жауап берді актриса өзінің сыртқы келбетін сынайтын оқырмандарына.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева