Дәрігерлер 12 жыл бойы ер адамның ішіндегі қатерлі ісікті байқамаған

Дәрігерлер 12 жыл бойы ер адамның ішіндегі қатерлі ісікті байқамаған
Фото: t.me/BILD

2011 жылы Томастың іші өсе бастаған. Дәрігерлер оған артық салмақ және 2-типті диабет диагнозын қойған. Олар ер адамға үнемі спортпен шұғылдануға және дұрыс тамақтануға кеңес берген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі BILD-ке сілтеме жасап.

Қазір Томас 59 жаста. 2008 жылы ол әйелімен бірге Норвегияның солтүстігіне көшіп келеді және Тромсенің жанындағы ауылда тұрады. Ол сол жерде оптик болып жұмыс істейді.

Тек 12 жылдан соң алғашқы белгілерден кейін дәрігерлер ер адамда сирек кездесетін және салмағы 27,3 кг болатын майлы қатерлі ісік екенін түсінеді. Томас диета мен оземпиктің арқасында арықтайды, бірақ іші өте үлкен және қатты болады. 2023 жылы қыркүйекте оған Ослода үш хирургтің қатысуымен ота жасайды. Ол 10 сағатқа созылған.

Дәрігерлер науқастың зақымдалған оң жақ бүйрегі мен аш ішектің бір бөлігін алып тастауға мәжбүр болады. 

Қазір ер адам психологқа барып жүр. Сондай-ақ ол жылына екі рет онкологқа қаралады, себебі ішінде бірнеше органдармен байланысты қатерлі тін қалған. Ол дәрігерлерді сотқа берген, бірақ бірінші сатыдағы сот оны қабылдамады. Үкімге сәйкес, ісіктің бұл түрі өте сирек кездеседі, сондықтан дәрігерлерді кінәлауға болмайды. Алайда Томас апелляциялық шағым түсірген.

Оқи отырыңыз: Кез келген адамда пайда болуы мүмкін қатерлі ісік түрі аталды

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жапатова