- Негізгі бет
- LifeStyle
- Дәрігерге қаралу керегін...
Дәрігерге қаралу керегін білдіретін тырнақтағы 8 белгі
Тырнақ ағза денсаулығы жайлы белгі бере алады. Олардың түсі, пішіні және жалпы жағдайы өзгеріп кетсе, дәрігерге көріну керек. Бұл жайлы "Бережи себе" медициналық платформасы айтты.
Тырнақ астындағы қара жолақтар
Егер саусақ немесе бәшпай тырнағының астында қара жолақтар пайда болса, бұл меланома – тері қатерлі ісігінің бір түрінің белгісі болуы мүмкін. Әрине, кез келген қара дақ немесе жолақ бұл диагнозды білдірмейді, бірақ ол дәрігерге қаралуға себеп.
Тырнақтың бір бөлігінің түсіп қалуы
Оны онихолизис деп атайды. Ол зақым алғаннан кейін пайда болуы мүмкін, бірақ кейде саңырауқұлақ ауруларынан кейін де пайда болады. Оны себебіне байланысты емдейді. Мамандардың айтуынша, онихолизис жиі псориазы бар адамдарда болады.
Тырнақ айналасының қызаруы және ісіп кетуі
Оны паронихия деп те атайды және жиі жұқпаның белгісі болып келеді. Ол бастапқы кезеңде анықталса, антибиотиктермен және емдік ванналармен емдейді. Егер жара ашық болса, оны емдеуге көп құрал қосуы мүмкін.
Тырнақта ұсақ нүктелердің пайда болуы
Бұл бүкіл ағзаға әсер ететін ауру жайлы айтуы мүмкін. Мысалы: псиориаз, атопиялық дерматит, алопеция.
Тырнақтың сарғайып кетуі
Егер темекі тартатын болсаңыз немесе тырнағыңызды қызыл лакпен бояған болсаңыз, ол сарғайып кетуі мүмкін. Бірақ кейде тырнақ қандай да бір ауру себебінен сарғайып кетуі мүмкін. Мысалы: өкпе аурулары немесе құздамалық артрит.
Тырнақтың қатты қалыңдап, өзгеріске ұшырауы
Оны онихогрифоз деп атайды. Ол тұқымқуалайды немесе кей аурулар себебінен пайда болады. Оны тек подолог немесе дерматолог мамандары емдей алады.
Тырнақтардың қасық тәрізді қайырылып кетуі
Егер тырнақ қатты жұқарып, қасық секілді төмен қайырылып кетсе, ағзаға темір жетіспеуі мүмкін. Бұл анемия дамуына әкеледі.
Тырнақ түсінің өзгеруі
Тырнақ түсі дәрігерлер үшін өте маңызды белгі. Тырнақтың нақты түсі оның жағдайы жайлы айта алуы мүмкін:
- Көк түс - қанға оттек жетіспеу;
- Ақ тырнақ – диабет немесе бауыр ауруының бір белгісі;
- Әлсіз тырнақ – анемия;
- Алқызыл-ақ түс – бүйрек ауруы;
- Сары тырнақ – жұқпа ауруы, өкпе проблемасы;
- Көгілдір жарты ай түріндегі дақ – улану белгісі.