Дәрігер Хавьер Альбарестің айтуынша, ұйқы сапасы нашарлауына көптеген фактор әсер етеді. Ол түнде тынығуға кедергі келтіретін басты әдетті атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бір ғана әдетті атауым керек болса, ол ұйқы режимінің тұрақсыздығы дер едім. Миымыз тұрақты әрі бірізді белгілерді қабылдағанда жақсы жұмыс істейді", - деді Хавьер Альбарес Men's Health басылымына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, ұйықтау және ояну уақытын үнемі өзгерту адамның тәуліктік ырғағын бұзады. Әсіресе, бұл демалыс күндері, сапар кезінде әсер етеді. Соның салдарынан созылмалы шаршау пайда болып, зейін төмендеуі және түрлі жарақат алу қаупі артуы мүмкін.
Маман ұйқысыздыққа әкелетін басқа себептердің қатарында күйзеліс, түнде көп тамақтану, ішімдік ішу және кешкі уақытта экраннан түсетін көк жарықты атады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз