- Негізгі бет
- LifeStyle
- Дәрігер үнемі аяқ-қолыңыздың...
Дәрігер үнемі аяқ-қолыңыздың мұздап жүруінің себебін айтты
Кей адамдардың үнемі қол-аяғы мұздап жүреді. Бұл гипотиреоз болуы мүмкін. Превентивті нутрициолог Сейтжанова Ақтоты Әуелбайқызы өзінің инстаграм парақшасында гипотиреоздың негізгі белгілерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігер гипотиреоздың (қалқанша безі қызметінің төмендеуі ) ең басты белгілерін атап өтті:
- Депрессия;
- Терінің құрғақтығы;
- Бас ауруы;
- Әлсіздік, ештеңеге зауқы болмауы;
- Ұмытшақтық;
- Етеккір циклының бұзылуы;
- Гиперлипидемия;
- Жиі қайталанатын инфекциялар;
- Күн жылыда тоңып жүру;
- Шаштың сиреуі;
- Бұлшықеттегі ауырсыну сезімі;
- Дауыстың өзгеруі (жәй шығуы);
- Тез салмақ қосып алу.
"Егер сізде осы белгілер басым болса, онда сізде гипотиреоз бар деген сөз", - деп жазды дәрігер.
Қалқанша безі гормондары – организмдегі әр клетканың митохондриалды зат алмасу процесінде өте маңызды рөл атқарады. Сол себепті оның қандай да бір гормоны жетіспесе, міндетті түрде ағзада жаңылыс туындап бастайды. Ең жиі кездесетін - адамның интеллектуалды, физикалық дамудың кешігуі, бедеулік, түсік және т.б.
Дәрігер Ақтоты Әуелбайқызы өздігінен диагноз қою және емделу қауіпті екенін ескертті.
"Гипотиреозға шалдыққан адамның 95 %-ында – йод жетіспеушілігі анықталған. Бірақ ол гипотиреоз бар екен деп – өз бетінше йод препаратын қабылдауға болады деген нәрсе емес. Себебі жоғары дозировка немесе ұзақ уақыт бойы йод препараттарын қабылдау – зобқа әкелуі мүмкін. Сол үшін барлығы дәрігердің тағайындауымен болу керек", - деп жазды ол.
Кімге және қандай жағдайда көп жүруге болмайды? Дәрігер жауабы
А. Жапатова