Гастроэнтеролог Лариса Налбандян тұздалған қияр денсаулыққа қаншалық пайдалы екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігердің сөзінше, тұздалған қиярды көпшілік тіскебасар ретінде қабылдайды. Алайда оны денсаулыққа мүлде пайдасы жоқ өнім деуге болмайды. Оның құрамында су, талшық, калий және басқа да минералды заттар бар. Тіпті оның құрамында пайдалы микроағзалар сақталуы мүмкін.
Лариса Налбандянның айтуынша, табиғи ашу кезінде микроағзалар қантты өңдеп, сүт қышқылын түзеді. Соның арқасында өнім өзіне тән дәмге ие болып, ұзақ сақталады.
Сонымен қатар, тұздалған қиярдың құрамында аз мөлшерде болса да тағамдық талшық бар. Дегенмен бірнеше тұздалған қияр ағзаның бір тәуліктегі талшыққа деген қажеттілігін толық өтей алмайды. Сондықтан талшықты көкөніс, жеміс-жидек, тұтас дәнді өнімдер мен бұршақ тұқымдастардан алған дұрыс.
Маман күнделікті тұтынуға жаңа піскен қияр қолайлы екенін айтты. Оның құрамында натрий әлдеқайда аз, ал су мен тағамдық талшық сақталады. Сондықтан күнделікті рационда көкөністердің әр түрін тұтынып, тұздалған қиярды қосымша өнім ретінде қарастырған жөн.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова