Ұзақ уақыт ұйқының қанбай жүруі иммунитетке кері әсер етіп және салмақтың артуына әкелуі мүмкін. Бұл туралы психолог және сомнолог Сью Пикок ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Metro басылымына сілтеме жасап.
Пикоктың айтуынша, ұйқы кезінде иммундық жүйе инфекцияларға қарсы күресетін қорғаныш заттар – цитокиндерді өндіреді. Цитокиндер ұйықтауға көмектеседі және сол арқылы иммундық жүйеге ағзаны аурулардан қорғау үшін көбірек күш береді. Дәрігердің айтуынша, егер адам жеткілікті ұйықтамаса, бұл заттардың өндірілуі төмендейді, соның салдарынан ауруларға бейімділік артып, сауығу уақыты ұзарады.
Бұған қоса, ұйқының жетіспеуі мазасыздықты күшейтеді, ал ол өз кезегінде ұйықтауға кедергі келтіреді. Сондай-ақ, ол көңіл күйді түсіріп, тәбетті күшейтеді, артық салмақ қосуға итермелейді.
Оның әріптесі Катарина Ледерле де ұйқының жеткіліксіздігі қалқанша без гормондары деңгейіне кері әсер етіп, әйелдерде етеккір циклінің бұзылуына және түсікке әкелуі мүмкін екенін қосты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек