7 жылдық тәжірибесі бар тіс дәрігері Береке Рахатұлы таңертең тіс жуудың зиянын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тіс дәрігері таңертең тек ауызды сумен шаю жеткілікті екенін айтады.
"Әдетте біз таңертең тұрған кезде тісімізді жуып, одан кейін таңғы ас ішеміз. Егер сіз түнде тісіңізді жуып жатсаңыз таңертең тұрғанда тек ауызды шайғаныңыз жеткілікті. Неге? Себебі таңертең тіс жуған соң таңғы ас дәмі бұзылады. Екіншіден, таңғы астан кейін жұмыстарыңызбен шығып кетсеңіз ауыз қуысында қалатын тамақ қалдықтары жағымсыз иіс тудыруы мүмкін", - дейді тіс дәрігері.
@dr.rakhatovich Таңертең тіс жуудың зияны. Ақпарат пайдалы болса лайк басып,тіркеліңіз! #стоматолог #стоматология ♬ original sound - dr.rakhatovich
Еске салайық, бұған дейін біліктілігі жоғары санатты дәрігер-хирург Александр Янкин алкогольдің тіске қалай әсер ететінін айтқан болатын. Ең біріншіден, алкоголь бактериялардың көбеюіне ықпал етеді
"Көптеген адам алкогольдің тістерге, ауыз қуысына қалай әсер ететінін білмейді, тіпті алкогольдің қаншалықты зиян екенін түсінбейді. Алкоголь тіс эмальының түссізденуіне әкеледі, ауыздың құрғауын тудырады, бұл бактериялардың өсуі үшін қолайлы жағдай тудырады", - дейді тіс дәрігері.
Сондай-ақ, маман алкогольдік сусындардың құрамында қант болатынына және ауыз қуысында қышқылдық орта түзетінін ескертеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!