Қатерлі ісік – бұл ауыр және жиі өлімге әкелетін ауру. Дұрыс тамақтану және зиянды өнімдерді азайту сізді бұл қатерлі аурудан құтқаруға көмектеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Express-ке сілтеме жасап.
Дәрігер Сунни Патель қатерлі ісіктің алдын алатын қандай да бір нақты өнім жоқ екенін айтты. Бірақ оның айтуынша, дұрыс тамақтану, сөзсіз, қатерлі ісіктің даму қаупін төмендетеді.
Көк шай ішіңіз
Көк шай катехиндер деп аталатын антиоксиданттарға бар. Олар қатерлі ісікке қарсы қорғаушы әсер береді. Антиоксиданттар ДНҚ-ны және басқа да жасушалық компоненттерді зақымдайтын бос радикалдар деп аталатын зиянды молекулаларды бейтараптайды.
Сарымсақ пен пияз жеңіз
Сарымсақ пен пияз қатерлі ісіктің кей түрлерінің пайда болу қаупін азайтады.
Рационға қызанақ қосыңыз
Қызанақтар - ликопин көзі. Бұл простата қатерлі ісігінің қаупін азайтатын антиоксидант.
Майсыздандырылған сүт өнімдерін жеңіз
Дәрігер майсыз немесе өсімдік негізіндегі сүтті өнімдер колоректальды қатерлі ісіктің даму қаупін азайтатынын айтты.
Қайта өңделген және қызыл ет мөлшерін азайтыңыз
Өңделген және қызыл етті көп тұтыну ішек қатерлі ісігі дамуының жоғары қаупімен байланысты. Құс, балық секілді майсыз ақуыздың басқа көздерін қолдануға тырысыңыз.
"Егер қызыл ет жегенді жақсы көрсеңіз, оны мөлшермен пайдаланыңыз: шамамен күніне 70 грамм", - дейді дәрігер Патель.
Тәттіні азайтыңыз
Қантты көп жеу қатерлі ісік үшін негіз болуы мүмкін.
Ағзаның сусыздануын болдырмаңыз
Дәрігер Патель бұл қарапайым, бірақ маңызды кеңес жалпы денсаулық жағдайын сақтауға көмектесетінін ескертті.
Алкогольді азайтыңыз
Маман алкоголь мөлшерін азайтуға кеңес берді. Себебі алкогольді көп ішу қатерлі ісіктің кей түрлерінің даму қаупімен тікелей байланысты. Мысалы: сүт безі және бауыр қатерлі ісігі.
Оқи отырыңыз: Сүт безі қатерлі ісігін бастапқы стадияда қалай анықтауға болады?