Дәрігер суық тиюдің пневмониядан айырмашылығын айтты

Дәрігер суық тиюдің пневмониядан айырмашылығын айтты
Фото: depositphotos.com

Терапевт, медицина ғылымдарының кандидаты Оксана Серебрякова суық тию мен пневмонияның айырмашылығын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Дәрігердің айтуынша, суық тию (ЖРВИ/тұмау тәрізді) көбіне біртіндеп дамиды: алдымен мұрыннан су ағу, тамақ қышып, кейін құрғақ жөтел пайда болады. Дене қызуының шамамен 38°C-қа дейін көтеріледі. Серебрякова бұл белгілер әдетте аурудың алғашқы 2–3 күнінде күшейіп, 5–7 күнде басылатынын айтты.

"Ал пневмония (өкпенің қабынуы) ЖРВИ-ға қарағанда өте күрт басталуымен ерекшеленеді: дене қызуы жиі 39°C-тан жоғары көтеріледі, ылғал жөтел болып, қақырық шығуы мүмкін, ентігу, тыныс алғанда кеуде ауыруы, сондай-ақ, қалтырау, тершеңдік, әлсіздік байқалады, — деді дәрігер.

Ол қарт адамдарда және әлсіреген науқастарда қызба болмауы мүмкін екенін, бірақ оның орнына ентігу пайда болатынын нақтылады.

Дәрігер егер пневмонияны уақытында емдемесе, асқыну қаупі айтарлықтай артатынын ескертті: плеврит, өкпе абсцесі, тыныс жеткіліксіздігі, тіпті сепсис болуы мүмкін.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget