Дәрігер Элиза Сакал психотерапия, түрлі қоспалар мен диеталарға қарағанда стреспен күресудің әлдеқайда тиімді тәсілі бар екенін айтты. Бұл туралы ол CuerpoMente басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, стреске қарсы ең тиімді "ем" - сапалы ұйқы. Ол ұйқысыздық кезінде қанда кортизол деңгейі жоғарылайтынын түсіндірді. Бұл гормон созылмалы стресті күшейтіп, ұзақ уақыт сақталуына әсер етеді.
Сапалы ұйқы кортизол деңгейін төмендетіп, жүйке жүйесінің тепе-теңдігін қалпына келтіреді және есте сақтау қабілетін жақсартады. Сонымен қатар, ұйқы ағзадағы созылмалы қабынуды азайтады, ал бұл да стресс деңгейімен тығыз байланысты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz