Терапевт Ив Глейзер түнгі ұйқы кезінде электр көрпелер мен матрацтарды қолдану зиян әрі денсаулыққа қауіпті әдет екенін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігер, әсіресе, кішкентай балаларға мұндай көрпелерді пайдалануға болмайтынын, өйткені олар жүре алмайтындай жаста болса, ыңғайсыз екенін тіпті айта алмауы да мүмкін екенін жеткізді. Сондай-ақ, маман қант диабетімен және аяқ-қолы жансыздануына әкеп соқтыратын басқа да аурулармен ауыратын науқастарға мұндай құралдарды қолданбауға кеңес берді.
"Адамдар жоғары температураны сезінбеуі мүмкін, әсіресе, ұйқы кезінде. Салдарынан ол қызып кетіп, адам күйіп қалуы мүмкін", - деді Глейзер.
Сонымен қатар, дәрігер жылытылатын көрпе астында ұйықтау ұйқы сапасын нашарлатуы мүмкін деп санайды. Таңертең сергек ояну үшін жатын бөлме мен төсек температурасы салқын болуы керек. Дәрігер тоңғақ адамдарға ұйқыға арналған қалың киім мен шұлық киюді ұсынды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!