- Негізгі бет
- LifeStyle
- Дәрігер өмірді ұзартуға...
Дәрігер өмірді ұзартуға көмектесетін әдеттерді атады
Дәрігер-эндокринолог, медицина ғылымдарының докторы жапондық Окинава тұрғындарының ұзақ өмір сүру ережелерін тыңдауға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Вечерняя Москваға" сілтеме жасап.
"Салауатты өмір салтының үлгісі ретінде 100 жастан асқан адамдардың ең көп шоғырланған бес аймағы бар. Осы аймақ тұрғындарының өмір сүру ұзақтығына не әсер ететінін түсіну үшін ғалымдар мұқият зерттеп жатыр", - деді ол.
Сонымен, жүз жыл жасайтын жапондықтар жаттығу залына бармайды, оның орнына олар үнемі табиғи қозғалысқа итермелейтін ортада болады.
Жапондықтар көп серуендейді, бақша өсіреді және үйге күтім жасайды.
Әртүрлі ауыр ауруларды тудыруы мүмкін стрессті азайту үшін Окинава тұрғындары ата-бабалары туралы естеліктерге күн сайын бірнеше минут бөледі. Диетада өсімдік ақуызы (бұршақ, жасымық және соя) басым болуы керек, етті айына орта есеппен бес рет жеуге болады. Сонымен қатар, жапондықтар асқазан 80 пайызға толған кезде тамақтануды тоқтатып, дастарқан басынан толық тоймай тұрып кетеді.
Маман барлық көк аймақтағы адамдар алкогольді қалыпты және үнемі тұтынатынын, бірақ тек шарап ішетінін атап өтті. Сонымен қатар, Окинава тұрғындары айына төрт рет діни қызметтерге барады және тек жақсы дос, туыстармен араласуға тырысады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қайрат Нұртасқа қандай айыппұл салынды?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә