Адамдар жоспар құруды сиретіп кетті. Соның кесірінен оның миға беретін пайдасы да ескерусіз қалып барады. Бұл туралы невролог Павел Хорошев НСН басылымына берген сұхбатында бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, бүгінде жастар арасында есте сақтау мен зейін қоюға қатысты проблема расымен бар.
"Қазір көп адамға бір нәрсеге ұзақ уақыт көңіл бөлу қиын. Өйткені бәрі дайын: керек ақпаратты санаулы секундта тауып аласың, бірдеңені алдын ала ойластырып отырудың қажеті азайды, көп істі чат-ботқа тапсыра салуға болады. Ол күніңді де, сапарыңды да жоспарлап береді. Сөйтіп, адам миына салмақ салмайтын болды. Бұрын өзің ойлап, өзің жоспарлайтын нәрсені енді нейрожелі атқарып отыр", – деді ол.
Оның сөзінше, бұрын адамдар күнделік жазып, ойын қағазға түсіретін. Ал бұл – ми үшін өте пайдалы дағды.
Себебі адам күн ішінде не болғанын ой елегінен өткізіп, маңыздысын іріктеп, оны қағазға түсіреді. Осы арқылы ой қорытып, саралауға да машықтанады. Маманың пікірінше, қазір көпшілік осындай әдеттен алыстап, ойды тереңірек таразылауды азайтып барады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!