Дәрігер магний тапшылығының белгілерін атады

Дәрігер магний тапшылығының белгілерін атады
Фото: depositphotos.com

Невролог дәрігер Елена Мирошник магний тапшылығы ұзақ уақыт байқалмауы мүмкін екенін айтты. Ол бұл элемент тапшылығының белгілерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Дәрігердің айтуынша, магний тапшылығының белгілері нақты болады:

  • ашушаңдық,
  • мазасыздық,
  • дүрлігу,
  • ұзақ уақыт шаршап жүру,
  • ұйқының бұзылуы,
  • бас ауыруы,
  • зейін қоя алмау.

Мирошниктің сөзінше, бұлшықетке қатысты белгілер:

  • құрысу,
  • түйілу, 
  • бұлшықеттердің еріксіз тартылуы (соның ішінде қабақтың тартылуы),
  • аяқ-қолдың шаншып ауыруы мен ұюы жатады.

Бұдан бөлек, магнийдің жетіспеуі жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысына да әсер етіп, жүрек соғуының жиілеуін, ырғақтың бұзылуын және артериялық қысымның жоғарылауын туындатуы мүмкін.

Дәрігер атап өткендей, айқын әрі ұзаққа созылған тапшылық кезінде жүрек айну, тәбеттің төмендеуі және жалпы әлсіздік пайда болуы мүмкін. Кальцийдің сіңуі бұзылғандықтан, остеопороз қаупі артады, ал әйелдерде жиі етеккір алдындағы синдромның белгілері күшеюі мүмкін.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget