Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында құйрық майдың пайдасы жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Невролог және нутрициолог Ұлжалғас Сманова қазақ халқы бұрын құйрық майды жеп те, ішіп те, тіпті, онымен баланың терісін сылағанын айтып, оның құрамына тоқталды:
- Құйрық майдың құрамы ағзаға пайдалы амин қышқылдарына, А, Е, В дәрумендер тобына бай.
- Сондай-ақ оның құрамында мырыш, селен, фосфор, натрий, магний және өзге де ағзаға аса қажет минералдар бар.
Дәрігердің айтуынша, құйрық майдың мынадай пайдалы қасиеттері бар:
- Асқазан-ішек жолдары қызметін дұрыстайды;
- Жаңа гормондар түзеді;
- Өтті сұйылтады және өттің жақсы бөлінуіне көмектеседі;
- Ерлердегі белсіздік ауруының алдын алады;
- Дәрумен жетіспеушілігін болдырмайды;
- Жүйке жүйесіне пайдалы, агрессияны басады;
- Асқорытуды жеңілдетеді;
- Қанайналымды жақсартады;
- Ағзадағы токсин, шлактарды шығаруға күш салады;
- Теріні үлбіретеді, құрғап, жарылудан қорғайды.
Еске салайық, көптеген ауруға ем сүйек сорпасын қалай дайындау керегін мына жерден оқи аласыз..