Шайды, соның ішінде қою қара шайды көп ішу кофеин мөлшерінің артып кетуіне әкелуі мүмкін. Соның салдарынан ұйқы бұзылады, бас ауырады және бас айналады. Бұл жайлы "Газете.Ru"-ға гастроэнтеролог Ольга Евлашева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маман шайды күніне 3-4 кеседен артық ішпеуге кеңес берді.
"Шайды мөлшермен ішу көптеген адамдар үшін қауіпсіз. Алайда күніне үш-төрт кеседен (710-950 мл) артық ішу ағзаға жағымсыз әсер етуі мүмкін. Шай жапырақтарында табиғи түрде кофеин бар. Бұл затты шайдан немесе кез келген басқа өнімнен шамадан тыс тұтыну мазасыздық пен үрей сезімін тудыруы мүмкін", - деді дәрігер.
240 мл шай (орташа кесе) құрамында сұрыбына және қайнату әдісіне (ұзақ қайнату кофеиннің жапырақтардан суға түсуіне ықпал етеді) байланысты 11-61 мг кофеин болады.
"Зерттеулер көрсеткендей, тәулігіне 200 мг-нан аз кофеин мөлшері адамдардың көпшілігінде айтарлықтай мазасыздық сезімін тудыруы екіталай. Бірақ ұйықтауға алты сағат қалғанда кофеин ішу ұйқыны нашарлатуы мүмкін", - деп түсіндірді Евлашева.
Егер ұйқының сапасы нашарласа, дәрігер рациондағы кофеин мөлшеріне назар аударуды ұсынды. Оның артық болуының басқа белгілеріне бас ауруы мен айналуы жатады.
Шай ішпесем басым ауырады: нутрициолог шайға тәуелділіктен арылу үшін не істеу керегін айтты
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!