Гастроэнтеролог Сергей Лопатин күніне қанша мөлшерде кофе ішуге болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
"Ересек адам үшін бір тәулікте кофеиннің ең жоғары мөлшері 400 миллиграмын тұтынуға болады. Бұл шамамен алты эспрессо кесесіне немесе екі-үш үлкен кесе американо не капучиноға тең. Денсаулық сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы халықаралық ұйымдар, соның ішінде ДДСҰ осы ұстанымды қолдайды", - деді Лопатин.
Маман 400 миллиграмм кофеин дені сау адам үшін қауіпсіз доза екенін атап өтті. Оның айтуынша, ұйқысыздық, мазасыздық, гипертонияның ауыр түрлері мен жүрек-қан тамыр аурулары, гастрит және асқазан жарасы бар адамдарға кофені тұтынуды шектеу қажет. Сонымен қатар, жүкті әйелдер үшін бұл норма екі есе төмен болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!