Дәрігер кімдерге моншаға баруға болмайтынын айтты

Дәрігер кімдерге моншаға баруға болмайтынын айтты
Фото: depositphotos.com

Дәрігер Андрей Тяжельников кімдерге моншаға баруға болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, жүрек-қан тамырлары аурулары, гипертония, онкологиялық сырқаттар, эпилепсия және гепатитпен ауыратын адамдарға моншаға баруға тыйым салынады. Сондай-ақ, ішкі ағзалардың созылмалы аурулары өршіп тұрған кезде, қызып тұрып тұмауратқанда немесе басқа да жедел қабыну не ірің болған жағдайда моншаға барудан бас тарту керек.

Тяжельников, сондай-ақ, сау адамдар да моншада қауіпсіздік шараларын есте ұстауы керегін ескертті. Оның айтуынша, ауаның температурасын төмен деңгейден бастап біртіндеп көтеру қажет. Әрбір буға түсу сеансын ол 5–10 минуттан артық созбауға кеңес берді. Бұдан бөлек, моншаға арналған бас киім киюді ұмытпау және тер арқылы жоғалған сұйықтықты толықтыру үшін көп су ішу маңызды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget