Дәрігер кейде ештеңе істемей тынығудың маңызды себебі айтты

Биомедик әрі озық емдеу тәсілдері бойынша сарапшы Марта Трилло кейде ештеңе істемей, тынығудың денсаулық үшін қажет екенін айтты. Ол мұның нақты себебін 20minutos басылымына берген сұхбатында түсіндірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Триллоның айтуынша, адамдар өнімді болуға әбден үйреніп қалған: әр минутты барынша тиімді өткізу үшін үлкен жоспар құрады. Соның салдарынан ми бір сәтке де демала алмайды.

Алайда маманның сөзінше, тынығу уақыт та маңызды. Өйткені дәл сондай мұндай кезең ағзаға толық қалпына келуге қажет "мүмкіндік" береді. Ол спорттан, қарбалас жұмыстан, әлеуметтік өмірден және басқа да тірліктен демалған уақытта ДНҚ күн ішінде пайда болуы мүмкін ұсақ өзгерістерді (мутацияларды) түзетіп, ретке келтіреді дейді.

Ал адамның үнемі тыным таппай жүруі, тұрақты жүктеме мен стресс кейін дене саулығына да, психикаға да кері әсерін тигізеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!