Қазір адамдар кешкі тамағына аса мән береді. Кейбіреулер сағат алтыдан кейін мүлде нәр татпауға бекінген. Бірақ кейбір көп жылдан бері диета ұстап келе жатқан адамдар да қателік жібереді. Мамандар кешкі ас ұйықтардан 2-3 сағат бұрын болуы тиіс деп есептейді. Кешке арналған тағамдарды ас қорытуға зиян келтірмеу, тыныш ұйықтау және артық салмақ қоспау үшін мұқият таңдау керек. Себебі кешкілік тағамдардың арасында адамдардың ағзасына теріс әсер ететін өнімдер бар. Бұл туралы бізге эндокринолог және диетолог Оксана Панова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
"Ешқандай жағдайда кешкі астан бас тартуға болмайды. Кешкі тамақтану метаболизмді дұрыс реттеу үшін қажет. Сондықтан кешкі тамақтан бас тарту метаболизмді баяулатады және май тінінің көбеюіне ықпал етеді. Кешкі тағамның негізі ақуыз болуы керек. Тауық еті, күркетауық, майсыз сиыр еті, жұмыртқа, балық немесе теңіз өнімдері. Жасыл және көкөністер гарнирге жарайды. Қайнатылған, бұқтырылған, пісірілген немесе майсыз салаттарды да жеуге болады. Бірақ көмірсулармен қаныққан тағамдардан бас тартқан дұрыс", - дейді дәрігер.
Дәрігер кешкі асқа картоптың кез келген түрі, ақ күріш пен макарон жемеуді дұрыс деп есептейді. Себебі кешкі асқа артық көмірсулар ұйқы безінің күйіне теріс әсер етеді және оны инсулин гормонын көбірек өндіруге ынталандырады екен. Инсулин әткеншегі "семіздік қаупін және екінші типтегі қант диабетінің даму ықтималдығын арттырады. Дегенмен 100-150 грамм қоңыр күріш пен қатты бидай макаронынын жеуге болады екен.
Егер жарманың кейбір түрлерін жеуге болатын болса, ал тәттілер, шоколад және кондитерлік өнімдер кешкі асқа мүлдем жеуге болмайды.
"Бұл тағамдар калориялы да, көмірсутекті де нағыз" бомба" болады. Оларды кешкі уақытта тұтыну қандағы қанттың ауытқуына әкеледі", - дейді эндокринолог.
Артық инсулин сонымен қатар май жағатын соматотропин гормонының өндірісін тежейді. Ол ұйқы кезінде синтезделеді және май тінін ыдыратуға көмектеседі.
Тұзды көп тұтыну ұйықтар алдында өте зиянды. Тұзды және ысталған тағамдар шөлдеу сезімін арттырады және ісінуді тудырады. Маринадталған қияр дәретханаға баруды жиілетеді.
Дүкеннен сатып алынған тұздықтар, майонез, шошқа еті, қой еті немесе үйрек кешкі ас үшін ең нашар таңдау.
"Түнде метаболизм баяулайды және майлы тағамдарды қорытуға әдеттегіден көп уақыт кетеді. Мұндай жағдайда кешкі ас іштің ауырлығына, ас қорытудың бұзылуына және ұйықтап кетудің қиындауына, ал болашақта артық салмақ қосуға әсер етеді", — дейді доктор.
Кешкі уақытта жемістерді жеу немесе жемеу — салауатты өмір салтын ұстанушылар арасындағы қызу пікірталас тудырады. Негізінен олардағы фруктоза тәбетті ынталандырады. Жүзім, қауын немесе банан секілді Гликемиялық индексі жоғары жемістерді кешкі асқа жеу дұрыс шешім емес. Ал алма немесе алмұрт секілді жемістерді кешке жеуді шектеген дұрыс.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!