Көпшілік холестеринді зиян, қауіпті деп санайды, бірақ бұл дұрыс емес. Бұл туралы дәрігер Ольга Малиновская айтты. Сонымен қатар, ол кем дегенде бес жылда бір рет холестеринді тексертуге кеңес береді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Холестерин әртүрлі тығыздықта липопротеидтер түрінде қан тамырлары арқылы қозғалады. Төмен тығыздықтағы липопротеидтер "жаман" холестеринге жатады. Оның салдарынан қан айналымына кедергі келеді. Жоғары тығыздықтағы липопротеидтер, керісінше, жүрек-тамыр жүйесіне пайдалы, "жақсы" холестерин саналады.
Холестерин деңгейінің жоғарылауы симптомсыз жүреді. Алайда Малиновская холестериннің жоғарылауы денсаулыққа әсер етпейді дегенді білдірмейтінін жеткізді.
Әр 10 жыл сайын жоғары холестерин дейгейімен өмір сүру инфаркт қаупін 40 пайызға арттырады екен. Сонымен қатар, инсульттің, жүрек ауруының даму ықтималдығы артады.
Жаман холестеринді уақытылы шығару және қауіпті аурулардың даму қаупін азайту үшін холестеринді үнемі, кем дегенде бес жылда тексеру қажет екен.
"Оның үстіне жақын туыстары инсульт немесе инфаркт алған, қант диабетімен немесе семіздікпен ауыратын адамдарда қауіп көбірек", - деп ескертті маман.
Еске салайық, бұған дейін диетолог Майкл Мосли макарон мен картопты тұтынса да, артық салмақ қоспай, қандағы қант пен холестерин деңгейін қалыпты ұстауға болатын құпиясын бөліскен еді:
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз