Дәрігер қант диабетінің белгілерін атады

Дәрігер қант диабетінің белгілерін атады
Фото: depositphotos.com

Үнемі көп су ішкісі келу, әсіресе, түнде шөлдеу, ауыздың құрғауы қант диабетінің белгісі болуы мүмкін. Бұл туралы терапевт Елена Маслова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Егер адамда суға деген шектен тыс құмарлық байқалса, әсіресе, түнгі уақытта шөлдей берсе және аузы құрғаса, бұл қандағы қант мөлшері жоғары екеніне байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайда адам жиі шөлдеп, жиі зәр шығарады", - деген дәрігердің сөзін "РИА Новости" басылымы келтірді.

Сондай-ақ, дәрігердің пікірінше, үнемі шөлдеу анемиямен байланысты болуы мүмкін, бұл дегеніміз - ағзадағы темірдің төмен деңгейі.
 
Қатты шөлдің физиологиялық себептерінің қатарына кешкі асқа ащы немесе тұзды тағам жеу; жатын бөлмедегі құрғақ ауа, әсіресе, жылыту маусымындағы құрғақ ауа; ұйықтар алдында ішімдік немесе кофеин ішу де жатады.

Дегенмен, маманның сөзінше, жиі шөлдеп, жиі зәр шығарып, оған қоса бас айналып, салмақ жоғалтып, ісініп кетсеңіз, шұғыл түрде дәрігерге көрінген жөн.

Еске салайық, бұған дейін маман қант диабетіне қатысты кеңес берді. Бүгінде 500 мыңнан аса адам қант диабетіне байланысты есепте тұр, олардың 10%-ы 1-ші типті, ал 90%-ы 2-ші типті диабетке шалдыққан. 

Диабетті ерте кезеңде анықтау аса маңызды, себебі бұл аурудың асқыну қаупін төмендетуге көмектеседі. Осыған байланысты Қазақстанда әрбір азаматтың жылына бір рет қандағы қант деңгейін тегін тексеру мүмкіндігі қарастырылған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget