Кейде шай демдерде шәйнектің ішінен қақтың пайда болғанын байқауға болады. Оның пайда болуына құбыр суы жиі себепші болады. Қалың қақ қабаты құрылғыны бұзады және қыздырғыш қуаттылығын төмендетеді. Оның үстіне қақ ағзаға енсе, зияны тиюі мүмкін. Дәрігерлер мұндай қақ жиналған шәйнектен неліктен су ішуге болмайтынын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Doctorpiter-ге сілтеме жасап.
Терапевт Ксения Кирилина қақ жиналған шәйнектегі су таза емес екенін айтты.
"Әкті қақ жаман көрінеді және мұндай шәйнекте қайнаған су таза секілді көрінбейді, - дейді дәрігер. – Су қаншалықты қатты болса, қақ соншалықты жылдам түзіледі. Ол суда еріген магний және кальций тұздарынан тұрады. Суды қосымша тазартсаңыз да, оның құрамында бәрібір тұздардың бөлігі қалады".
Дәрігер ішіне қақ жиналған шәйнектен су ішуге және одан шай демдеуге болмайтынын ескертті. Ол мынадай салдарларға әкелуі мүмкін:
"Бұл жағдайдан шығудың амалы бар: шәйнектерді, кәстрөлдерді және қақ жиналатын басқа да ыдыстарды арнайы тұрмыстық химиямен, лимон қышқылы немесе сірке суымен уақытылы тазартып тұру керек. Ыдысты тазартып болған соң оны бір қайнатып алған дұрыс", - деп кеңес берді Ксения Кирилина.
Терапевт Иван Носков та мұндай шәйнектен су ішу денсаулыққа зиян екенін айтты.
"Қағы бар суды бір рет, сирек немесе кездейсоқ ішіп қойсаңыз және қақ бөлігі ағзаға түсіп кетсе, ода тұрған ештеңе жоқ. Бірақ мұндай суды ұзақ уақыт бойы және үнемі ішетін болсаңыз, бұл жалпы денсаулығыңызға жағымсыз әсер етуі мүмкін", - дейді ол.
Қақтың жалпы ағзаға жағымсыз әсерінің бірнеше мысалы:
Еске салайық, шәйнектегі қақты тазартудың 5 әдісін ұсынған болатынбыз. Мына жерден оқыңыз.