Қан қысымы жоғары немесе гипертонияға бейімділігі бар адамдардың рационында қандай азық-түлік болуы керек? Бұл сұраққа диетолог Наталья Денисова жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Аif.ru"-ге сілтеме жасап.
Картоп
Суға піскен картоптың құрамында калий көп болғандықтан, ол қан қысымын түсіруге көмектеседі. Ал калий ағзадағы суды шығарады. Соның арқасында картоп – жеңіл несеп айдағыш құрал. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ересектерге күнде 3,5 г калий алуды ұсынады. Құрамында калийі бар өнімдерді жеу жүрек-қан тамырлар ауруларының қаупін азайтады. 100 г картопта шамамен 568 мг калий – тәуліктік норманың 23%-ы бар. Ал бір орташа картоптың салмағы – шамамен 70 г.
Картопты қабығымен пісірген дұрыс. Егер оны қабығынан тазартып тастасаңыз, калий қалмайды. Алайда картопты сенімді сатушыдан алған жөн. Сондай-ақ картопты тұзсыз жеген дұрыс, себебі натрий, керісінше, қысымды көтереді. Ал егер қант диабетімен қиналатын болсаңыз, картопты көп жемеңіз. Себебі оның гликемиялық индексі жоғары.
Болгар бұрышы
Тәтті бұрышта, картопта сияқты, калийдің көп мөлшері бар: ол ағзадағы су-тұз алмасуын және бұлшықеттердің, соның ішінде жүректің қалыпты жұмысын реттеу үшін қажет. Сонымен қатар, болгар бұрышы С дәруменіне бай. Оның құрамында сирек кездесетін Р дәрумені де бар, ол "аскорбиннің" толық сіңуіне ықпал етеді. Бұл үйлесім жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға көмектеседі, өйткені ол қан тамырлардың беріктігін арттырады.
Болгар бұрышын жиі шикілей жеген пайдалы. Алайда оны бұқтырып та жеуге болады. Денсаулыққа пайдасы болу үшін күніне тәтті бұрыштың жартысын жеу жеткілікті.
Ақжелкен
Бұл жыл бойы қолжетімді көк шөп те жоғары қан қысымымен қиналатын адамдар үшін құрамындағы калийдің арқасында пайдалы. Ол ағзадағы сұйықтықты шығарады және соның салдарынан болатын жоғары қан қысымын түсіріп, ісінуді басады. Әрине, ол таблетканы алмастырмайды, бірақ гипертониямен күресуге көмектеседі. Көк шөптердің басқа түрлерімен салыстырғанда, ақжелкен С дәрумені бойынша көшбасшы болып табылады және бұл күшті антиоксидант. Ол тамырларға да жағымды әсер етеді. Сонымен қатар, ақжелкен - артық холестеринді кетіруге көмектесетін тағамдық талшықтың көзі.
Оны салаттарға, ыстық тағамдарға немесе смузилерге қолдануға болады.
Қызылша
Қызылша шырыны жоғары қан қысымын тсіруге көмектеседі. Сондай-ақ ол қан тамырларды серпімді етеді. Себебі қызылшада нитраттар көп. Нитраттар ағзада азот оксидіне айналады: ол қан тамырларды кеңейтеді және қанайналымды жақсартады. Сондықтан да артериялық қысым түседі және барлық органды оттекпен қамтамасыз ету жақсарады.
Бұл мақсатта шикі қызылшаның шырыны тиімдірек. Алайда асқазан-ішек жолының созылмалы аурулары бар адамдарға мұндай шырынды ішуге болмайды. Сондықтан оны ішерде алдымен өз дәрігеріңізбен кеңескен жөн.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!