Дәрігер Карлос Руис Эскудеро инсульт алған адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін тағамдарды атады. Бұл туралы ол Infosalus басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігердің сөзінше, инсульттен кейін науқастардың 67 пайызында жұтыну қиындайды. Мұндай жағдайда кейбір тағамдар тыныс жолына түсіп, адамға қауіп төндіруі мүмкін.
Осыған байланысты Эскудеро тым сұйық тағамдардан бас тартуға кеңес береді. Өйткені олар тыныс жолына оңай өтіп кетуі мүмкін. Сондай-ақ, чипсы мен тост секілді құрғақ әрі үгітіліп кететін тағамдардан сақ болған жөн.
Бұдан бөлек, құрылымы әртүрлі тағамдарды араластырып жеу ұсынылмайды. Мысалы, кеспесі немесе басқа қатты бөліктері бар сорпа, сүт қосылған ботқа жұтынуды қиындатуы мүмкін. Жаңғақ, дән, жабысқақ тағамдар мен талшыққа бай өнімдер де қауіп тудыруы ықтимал.
"Қауіпсіз тағам біркелкі болуы керек. Оның ішінде түйіршіктер, ұзын талшықтар, дән, сүйек немесе қабық болмағаны жөн. Сонымен қатар, тағам жеткілікті деңгейде жұмсақ әрі ылғал болуы қажет. Ең бастысы – ас бөлшектеніп кетпей, тұтас күйінде жұтылуы керек", – деп түсіндірді дәрігер.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!