Хирург Ашот Григорян энергетикалық сусындарды аптасына бер реттен көп ішуге болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Радио 1"-ге сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, мұндай сусындар тәуелділік тудырады, себебі олардың құрамында кофеин, таурин және гуарана деген заттар бар.
"Ағзаға айтарлықтай зиян келу үшін екі-үш сағат бойына үш-төрт энергетикалық сусын ішу жеткілікті. Әсіресе, оны алкогольмен және кофемен үйлестіруге болмайды", - дейді Ашот Григорян.
Дәрігер энергетикалық сусындарды жиі ішу жүрек проблемаларына әкелетінін айтты. Олар инсульт, инфаркт, фибрилляцияға және тіпті жүректің тоқтап қалуына әкелетін асқазан асқынуларының себебіне айналуы мүмкін.
Қауіп тобына жүрек аурулары бар адамдар, әсіресе, жастар жатады. Оларға энергетикалық сусындарды ішуге болмайды, себебі оларда қан оңай ұйып қалуы мүмкін.
Дәрігер энергетикалық сусындарға балама ретінде рационалды түрде кофе ішуге, сергу қажет болса, терезені ашуға немесе далаға жүріп қайтуға кеңес берді.
Оқи отырыңыз: Бір жыл алкоголь ішпесеңіз, ағзада қандай өзгерістер болады?