- Негізгі бет
- LifeStyle
- Дәрігер егде жастағы...
Дәрігер егде жастағы адамдарға иммунитетті қалай нығайту керегін түсіндірді
Жақсы ұйқы, дұрыс тамақтану және стрессті азайту егде жастағы адамдардың иммунитетіне оң әсер етеді. Бұл туралы дәрігер Надежда Рунихина айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "m24.ru-ға" сілтеме жасап.
Оның айтуынша, қартайған сайын адамның иммунитеті біртіндеп әлсірейді. Жыл сайын иммундық жасушалардың қызметі мен белсенділігі нашарлап, салдарынан барлық қабыну процесі күшейеді. Сөйтіп егде жастағы адам үшін жедел инфекция немесе созылмалы ауру ауыр сынақ болуы мүмкін.
Сондықтан зейнеткерлерге ауру мен инфекция жұқтырып алудан аулақ болған абзал.
"Мүмкіндігінше маска секілді жеке қорғаныс құралдарын қолданған жөн, науқас адамдармен байланыспаңыз. Егде жастағы адамдарға тұмау, пневмококк инфекциясы және басқа да инфекция түріне қарсы уақытылы иммундау ұсынылады", - деді дәрігер.
Сонымен қатар, маман стресстен аулақ болуға, жеткілікті ұйықтауға, дұрыс тамақтануға және жаттығу жасауға кеңес берді. Егде жастағы адамдардың диетасында ақуызы бар тағамдар болуы керек. Бұл сүт өнімдері, өсімдік тектес тағамдар, бұршақ дақылдары, балық, тауық еті болуы мүмкін.
Бұдан бөлек, қарттар ішектің денсаулығына жақсы ықпал ететін, көкөніс пен жемістерде кездесетін талшықтарды көбірек тұтынуы керек.
"А дәрумені сәбіз, сары май, бауыр, кептірілген өрікте және көкжидекте кездеседі. Д дәруменін балық пен жұмыртқадан, ал С дәруменін цитрус жемістерінен алуға болады. Е дәруменіне өсімдік тектес тағамдар бай. Адамның жасы ұлғайған сайын темір тапшылығы анемиясына бейімділік пайда болады, сондықтан етті де рұқсат етілген мөлшерде тұтынған жөн", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін егде жастағы адамдар үшін ең пайдалы сорпаның аталғаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Шыңғысханның шығу тегiне Орталық Азия мен Қазақстанда қандай мән берiлдi?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә