Дәрігер Саймон Фельдхаус дұрыс тамақтану деген ұғым жоғын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі El Español басылымына сілтеме жасап.
Фельдхаус азық-түліктер "пайдалы" және "зиян" болады деген мифті жоққа шығарды.
Дәрігер қатаң тыйым салынған өнімдер тізімін жасамауға, керісінше дастархандағы тағамның қайдан шыққанына, тазалығына және өңделу деңгейіне назар аударуға шақырды.
"Ең бастысы – тағам қандай екені емес, оның сапасы маңызды", - деді дәрігер.
Мысалы, өзі Швейцарияның кейбір аймақтарында ғана өндірілетін етті жейді. Бұдан бөлек, ол тек көкөніс, жеміс-жидек тұтынуға кеңес берді.
"Егер қазір құлпынай өспесе, мен оны не үшін жеуім керек?" - деп түйіндеді Фельдхаус.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!