Дәрігер-невролог Мария Лавренова D дәрумені тапшылығының қаупін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қыста D дәруменінің тапшылығы жиі кездеседі. Ол бұлшықет әлсіздігі, шаршау, әлсіздік, бойкүйездік сияқты белгілермен байланысты. Дәруменді өз бетіңізше қабылдап, тәжірибе жасамай, алдымен талдау тапсырып, тапшылықты нақтылау маңызды - содан кейін ғана дәрігер дұрыс дозаны таңдайды", - деді Лавренова.
Неврологтың айтуынша, мұндай бұзылыстарда әлсіздік, ұйқышылдық, терінің бозаруы, күш түскенде ентігу, жүрек қағысының жиілеуі, кейде тырнақ пен шаштың сынғыштығы, ауыз бұрышы жарылуы, тіпті жеуге болмайтын заттарды жегіңіз келетін "біртүрлі құмарлық" байқалуы мүмкін. Сондай-ақ, дәрігер шаршауға эндокриндік жүйе аурулары (мысалы, гипотиреоз) және бірқатар психикалық бұзылыс да себеп болуы ықтимал екенін айтты.
"Егер сапалы демалыстан кейін, тамақтануды реттеген соң шаршау азайса - бұл жақсы белгі. Ал егер ұзақ әрі терең ұйқыдан кейін де өзіңізді әбден қалжырағандай сезінсеңіз, сақ болған жөн. Егер шаршау сіздің әдеттегі күйіңізге тән болмаса, екі-төрт аптадан артық созылса, уақытша шамадан тыс жүктеме болмаса да ұйқы қанбаса немесе және жұмыс қабілетіңіз қатты төмендесе, дәрігерге қаралған дұрыс", - деп ескертті невролог.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz