Эндокринолог әрі нутрициолог Дарья Хайкина чипстерге деген тәуелділіктің себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, чипстердің құрамында тұз өте көп. Тұз тағамның дәмін күшейтеді, өнімнің майлығын білдіртпей "жасырады" және тәбетті қоздырады. Хайкинаның сөзінше, чипсте мол болатын тұз бен майдың қосындысы тағамға тәуелділік тудыратын факторлардың бірі саналады. Сондықтан тұзды жеңіл-желпі тағамды, мысалы, тұзды снек, жаңғақ, фри картобы, аз ғана жеп тоқтау оңай емес.
Маманның айтуынша, тұзды шамадан тыс көп тұтыну адамның тойдым деген белгісін әлсіретеді. Яғни ағза тойғанын "дер кезінде» сезбей, артық жеуге бейім болады. Сондықтан тұзды қатты қалау – жай қыңырлық емес, ол ағзадағы физиологиялық және нейрохимиялық үдерістермен байланысты.
Дегенмен тұзды мөлшермен қолдану маңызды. Сарапшының сөзінше, ағзаға тәулігіне шамамен 1,5 грамм натрий қажет, бұл шамамен 3,8 грамм тұзға тең. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) қан қысымының көтерілуі, инсульт және жүрек-қантамыр аурулары қаупін азайту үшін күніне 5 грамнан артық тұтынбауға кеңес береді.
"Алайда бұл шектеуді сақтау оңай емес, өйткені тұз көп жағдайда дайын өнімдердің бәрінде кездеседі", - деп қорытындылады маман.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз