Дәрігер бір өнімнің ескерілмейтін қаупін айтты

Дәрігер бір өнімнің ескерілмейтін қаупін айтты
Фото: depositphotos.com

Апельсинді көп мөлшерде жеу денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін. Гастроэнтеролог Сергей Вялов мұндай ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, бір келі апельсиннің құрамында 100 грамнан аса қант бар. Мұндай мөлшерді ағза бірден өңдеп үлгермейді. Соның салдарынан бауырға салмақ түсіп, артық фруктоза майға айналуы мүмкін.

Вялов бірнеше апельсин жеудің пайдалы екенін, алайда оны килограмдап тұтыну бауырдың майлану қаупін арттыратынын айтты.

Маман әсіресе ауруханада жатқан адамдарға абай болу керегін ескертті. Себебі жақындары науқасқа апельсинді көп әкеліп жатады. Ал аз қозғалу мен ұзақ жату бұл қауіптің артуына әсер етуі мүмкін.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget